Сабақтың тақырыбы: М. Равельдің шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: импрессионизм ағымының ерекшеліктеріне және импрессионизм көркем суретпен музыкада ерекшеліктерін қарастыру, М. Равельдің шығармашылығын импрессионизм ағымында қарастыру.
ә) тәрбиелілігі: Еуропа композиторларының шығармашылығы арқылы музыкаға баулу, импрессионизм ағымына қызығушылық арттыру.
б) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын байыту, аналитикалық қабілеттерін және қисынды ойлауды дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі:
1. СТО – Миға шабуыл .
2. Болжау , Топтастыру стратегиялары.
3. Дәстүрлі түсіндіру әдісі.
4. Бейне материал.
5. Ауыстырмақ ойыны.
6. Викторина.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка теориясы, шетел тарихы, бейнелеу өнері, орыс тілі.
Көрнекілік құралдар: бейне материал, мультимедиалық презентация, ноталық тақта, ноутбук, мультимедиа проектор.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
2. 2 Өткен тақырыпты бекіту барысында: СТО – Миға шабуыл , Импрессионизм ағымына Болжау , Топтастыру стратегияларын келтіру.
3. Жаңа білім хабарлау.
3. 3 М. Равельдің өмір жолы мен шығармашылығына шолу. СТО – Киностудия бейне материал көрсету.
4. Жаңа білімді бекіту.
4. 4 М. Равельдің шығармашылығы жөнінде түсінік алу.
Ауыстырмақ ойынын жүргізу. Музыкалық викторина – қойылған үзінділерді жылдам анықтау.
5. Бағалау.
5. 5 Оқушылардың сабақ барысындағы жеке және топтық жұмыстарын тексеру және бағалау.
6. Үй тапсырмасы.
7. Рефлексия.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, дайындығын анықтау, тізім бойынша түгендеу.
2. Ұй жұмысын тексеру. Өткен тақырыпты бекіту барысында: СТО – Миға шабуыл , Болжау , Топтастыру стратегиясы.
Ф. Шопеннің Ноктюрн №4 (F - dur). Ор. 15 1 шығармасын тыңдау.
Ұ: - Бүгін сабағымызды қай композитордың шығармасымен аштық? Бұл композитор қай ғасырда және қай ағымда өмір сүрді?
О: - Фредерик Шопен.
Ұ: - Осы Ф. Шопеннің есімі қай қалалармен байланысты?
О: - Ол Польшада туылғанымен, өмірінің екінші жарты жылдығы Францияда өтті және сонда өмірден озды.
Ұ: - Ия, сол Франция еліне мен сіздермен бүгін назар аударуыңызды сұраймын. Сабақ барысында біз XIX ғ соңына ауысайық және де біз білетіндей бұл Франция әлемге көптеген мәдениет қайраткерлерін, сонымен қатар, өзінің ерекше өнерінің әсерін ашты. (слайд №1).
Франция елінен шыққан қай композиторларды танимыз?
О: - Шарль Гуно, Жорж Бизе, Гектор Берлиоз, Фридерик Шопен.
Ұ: - Барлық суретшілер XIX ғ дейін және XIX ғ бірінші жарты жылдығында, әр түрлі мектептердің түлектері болғанымен, бәрінің бір ортақ ерекшеліктері бар еді; олар өз сүреттерін шеберхананың ішінен шықпай, бейтарапты жарықта, сұр - қоңыр түсті кеңінен қолданатын еді. (слайд 2 - 7).
Ұ: - 60 - шы жылдары ғылыми жолдарының арқасында, фотоаппарат, сықпалы майлы бояулар шығарыла бастады. Осының арқасында жас суретшілердің (Клод Моне, Винсент Ван Гог, Пабло Пикассо, Эдуард Мане және басқалары) жаңа тобы пайда болды. Олар шеберхананың ішінде емес, пленэрде, яғни ашық ауада жұмыс жасауды ұйғарды. Пленэризм суретшілердің негізгі эстетикасы боп саналды, оларға жарық пен ауа қызығушылық танытты. (слайд 8).
1874 ж суретшілер өздерінің алғашқы топтық көрмеде, олардың мұндай салған суреттері басқаларға ерсіз жат боп көрінді. Әсіресе, мұнда Клод Моненің Әсер. Күннің шығуы атты суретіне қарап, ал Әсер француз сөзінен аударғанда impression деген мағынадан, сыншы Луи Леруа әзілдеп солай атағанымен, мұны суретшілердің өздері шын түрде қабылдады.
Ал, енді балалар алдарында тұрған қағазға қарасақ екі жолға бөлінгенін көреміз. Біреуінде К , екіншісінде И жазылған байқадыңдар. Қазір слайдпен мен суреттерді көрсетемін, ал сендер қай ағымының суреті екенін анықтап И немесе К жазып отырыңыздар. Соңында барлығымыз тексереміз бірге. (слайд 9 - 12).
Импрессионизм Классикалық
1. И 2. К
3. И 4. К
6. И 5. К
7. И 8. К
Ұ: - Мында қарап отырып имрессионист – суретшілердің, классик суретшілерден сурет салу мәнерін қатты айрылысатынын байқауға болады. Суретшілер қалай адамдарды, зат, бұйымдарды бейнелейді?
О: - Бұлдырлаған, анық пішінсіз.
Ұ: - Осындай жаңа бағыт, алғашында көркем суретте пайда болып, кейін поэзияға және музыкаға әсерін тигізді. Музыкалық импрессионизм толығымен К. Дебюсси мен М. Равелдің шығармашылығында іске асырылды. (слайд 13 - 14).
Олардың да алғашқы шығармашылық тәжрибелеріне Париж консерваториясы, өнер Академиясы қарсы шыққан. Дебюсси мен Равельдің шығармашылық жолдары ізденістерге толы, жаңа тақырыптармен сюжет тауып, музыкалық жанр мен музыкалық тәсілдермен толды. Музыкалық импрессионизм ұлттық дәстүрлі француз өнердің негізінде қаланды. Әдеби мен көркем сурет, бағдарламалы аспаптық музыка және көне мәдениетке қызығушылық танытып, музыкалық импрессионизм олармен тығыз байланыста еді. Сонымен, қатар музыкалық импрессионизмді қалаған және дайындаған қазіргі заманғы француз поэзиясы еді (әсіресе, импрессионистерге ақын Поль Верлен жақын еді). Егерде поэзияның әсері Дебюсси мен Равелдің алғашқы шығармаларында байқасақ, ал көркем сурет импрессионизмнің әсері Дебюссидің шығармаларында кең орын алды.
Ритмикалық импровизация
Ұ: - Қазір біз бір бірлеп тұрып, бірінші Сауле менімен слайдтағы ритмге қарап бірге жүрейік. Біз екеуіміз демалыс орнында келе жатырмыз, яғни саябақта (ширектік ырғақпен келе жатырмыз). (слайд 15).
Ал енді мен Алтынаймен саябақта келе жатырмын. Алтынай ырғақ қандай?
О: - Сегіздік.
Ұ: - Елестетеміз ұсақ жамбыр жауып жатырғанын.
Енді мен Эльмирамен келе жатырмын, біздің ырғағымыз қандай?
О: - Он алтылық.
Ұ: - Себебі біз қатты жауған жаңбырдан қашып бара жатырмыз.
Ал, енді айтыңдаршы қандай әсер алдыңдар бұл серуеннен? Сендер байқадыңдар ма, біздің жүрген қадамдарыңыз, музыка сияқты дыбысталады. Сондықтанда музыкалық импрессионизмде – көңіл күйдің көрсетуі ең маңызды еді. Оған қиял, көне өлең, тембрлік және гармониялық бояулар тәрізді. Сонымен қатар, ырғақтың ауысып отыруы да маңызды еді. Өз шығармаларының шығуына көрген табиғат суреттері музыка тілімен адамның ішкі жан дүниесін оятады. Музыка - табиғатқа ең жақын өнер, тек музыканттар түн мен күннің, жер мен аспанның поэзиясын сезіп, атмосфераны жаңғыртып оның ырғақтық тынысын көрсете алады - деп Дебюсси айтқан екен. Осындай көркем суреттің әсері композитор Дебюссиге қатты өткендіктен, бейнелеу өнерімен ол өз шығармаларын байланыстырған. Мысалы: Эстампы , Эскизы , Острова радости , Разговор ветра с морем және т. б.
3. Жаңа білім хабарлау.
3. 1 СТО - Киностудия . М. Равельдің өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға бейне материалды мультимедия проекторы арқылы көрсету.
Ұ: - Жозеф Морис Равель (1875 - 1937жж) француз композиторы – импрессионист, дирижер, XXғ реформатордың бірі. Дебюсси сияқты, Равель – импрессионизм ағымының өкілі, бірақ Дебюссиға қарағанда оның классикалық стилге ұмтылғанын байқауға болады (Гайдннің стиліндегі менуэт, Моцарттың рухындағы атты фортепианолық концерт, Бородин стилінде жазылған Купереннің күмбезінде атты шығармасы ( Гробница Куперена )). Оның шығармашылығының сипаттары – фольклор негізіне әлсін-әлсін көңіл бөлуі, әсіресе Испания музыкасына, сонымен қатар, шығармаларында формаларының аяқталуы, би ырғағының тартылысы бар екенін байқауға болады.
Ұ: - Қазір көрген бейнероликте шешесі туралы сөз айтылғанын байқадық. Баск – дегеніміз vasco ( баск ) латын сөзінен шықты. Vasco (көпшіліктің саны - Vascones) васконов ескі халқының Римге дейін және римдік кезде басктің испандық елінде тұрған атауы. Әкесі француз, инженер өзі музыка және әдебиетті сүйетін, Равельді 7 жасынан музыкаға баулаған. 12 жасында фортепиано аспабында шебер ойнайтын. 1889ж ол Париж консерваториясына түседі. Фортепианодан ұстазы Шарль Берио – ірі француз пианист, Равельді Испанияның музыкалық фольклорына қызығушылығын туғызған. Оның шығармашылығы импрессионизмнің дамыған кезде басталды, кейін 1 - ші дүниежүзілік соғыс басталып, импрессионизм ағымы өзін - өзі тауысты, жаңа көркем ағыстарға орын берді. Соғыс Равельдің шығармашылық жолын екі кезеңге бөлді.
I – кезең: 1895 – 1917 жж ( Ескі менуэт , бірінші жарияланған шығармасы боп табылды).
II – кезең: 1917 – 1932 жж ( Дон Кихоттың 3 әні , сазгердің соңғы туындысы).
Ұ: - Вебер, Шопен, Листің музыкаларына әуес болған композитор, кейін Эрик Сати мен Эммануэль Шабриенің музыкасына қызығушылық танытты. 1897 ж Равель Габриельдің композициясының классына қабылданды, ал контрапунктпен Андре Жедальжемен шұғылданды. Фора Равельдің дарынының сыршыл жағының ашылуына түрткі болды, оны жұмысқа үлкен жанрлармен ынталандырды. Ол өзінің оқушысын көркем салондарға де Сан - Марсо кіргізді және де Полиньяк өзі мәртебелі қонақ болған жерде, Равельдің шығармаларын орындауға концерттік ұйымдарда ұсынды. 1900 ж Равель Апаши атты жас көркем зиялылардың жаңа білімді үйірмесіне кіреді. Апаш – тіпті қанғыбас, қарақшы, заңмен жұғыспайтын адам. Айқын, тап осы сөздің соңғы мағынасы арада көріністе өзінің ұранына қатып қалған эстетикалық канондардың күрескен үйірме еді. Үйірмеге сазгер (Ф. Шмитт, А. Каплда, М. Деляж, кешірек – М. де Фалья және И. Стравинский), пианистер, музыкалық сыншылар кірді. Үйірменің жиналыстарында музыкалық премьера, көркем өмірдің жаңалықтары талданатын.
Ұ: - Равельдің I – кезеңде шыққан шығармалары:
- Фортепианолық шығармалар: Павана на смерть инфанты , Игра воды , Сонатина, циклдер Отражения , Ночной Гаспар , Моя матушка Гусыня .
- Вокалдық циклдер: Шехерезада , Естетственные истории , ақын – символистердің сөзіне жазылған романстары мен поэмалары.
- опера Испанский час .
- балет Дафнис и Хлоя .
- Испанская рапсодия .
Ұ: - Осы туындыларда табиғат, халық тұрмысының суреттері, өзіне жақын Испания бейнелері еңді. Сазгер биге, ертегіге, көне мотивтерге көңіл аударады. Равельдің әуендері кіріспе тоннан қашықтайды ( паваны тақырыбы), онда жиі секунда - кварталық, пентатондық айналыстар кездеседі, ырғақтар өте белсенді, полиритмикалық әрекет, акценттік жылжулары, күрделі өлшемді мінездерге толы. Сонымен қатар, архаикалық, испан музыка ладтарын кеңінен пайдаланылады.
Ұ: - 1 - ші дүниежүзілік соғысы Равельді терең қылжытады. Азаттыққа жауынгерлік қызметке ол еркін кіргенімен, кейін ауыр жарақаттан кейін 1917 босатылады. Ол өзінің соңғы фортепиано циклін – Купереннің күмбезі атты сюитасын тек Куперенге емес XVIII ғ барлық Француз музыкасына және соғыста қаза тапқан достарға тәуелдеді . Купереннің күмбезі Равельдің екінші шығармашылығын ашты. 45 жасынан композитордың мекен жайы тұрақсыз болды. Дегенмен, ол Парижге жиі келіп музыка және мәдениет өмірдің барлық жаңалықтарда болатын. Ең бастысы – ол шығарма жазудан бас тартқан емес. 1922 жылы, атақты орыс дирижер С. Кусевицкийдің тапсырысы бойынша Равель Көрмедегі суреттер Мусоргскийдің шығармасына оркестровкасын жасайды. 1928 ж ол көптеген қалаларға дирижер ретінде концерттік гастрольге шығады.
4. Жаңа білімді бекіту.
4. 1. М. Равельдің шығармашылығы жөнінде түсінік алу. Ауыстырмақ ойынын жүргізу. Музыкалық викторина – қойылған үзінділерді жылдам анықтау.
Ұ: 1928 жылдың 22 қарашасында Париждегі Гранд - опера сахнасында Болеро аты премьерасы қойылды. Балеттің шығуына ықпал еткен атақты биші Ида Рубинштейіннің тапсырысы еді. Рубинштейін Равельге Исаак Альбенистің Иберия атты фортепианолық циклдің оркестровкасын жасауға ұсынды. Алайда, сазгер ерекше тақырыпты симфониялық шығармаға айналдырды. Қазір біз осы шығарманы тыңдайық.
Ұ: - Равель үлкен бидің, халықтың қатысуымен ашық ауада суретін көрген. Музыкада, музыкалық аспаптар pianissimo дыбысында бір бірлеп қосылғанын байқаймыз. Екі тақырыптың қайталанып отыруының арқасында механикалық жылжуда бұқаралық би - салтанатты бейнесі ашылады.
Ұ: - Болероның негізінде Испан мәнерінде жазылған екі кең әуен жатыр. Әуен неше рет қайталанып отырады?
О: - 5 рет.
Ұ: - Ал енді байқап көрейік, музыкада не өзгереді және не өзгермейді? (оқытушы алдын-ала тақтаға жазып қояды).
1. Тақырып. 2. Ырғақ. 3. Темп. 4. Динамика. 5. Аспаптардың саны. 6. Модуляция
О: - 1. тақырып өзгереді. 2. Динамика. 3. Аспаптардың саны. 4. Модуляция.
Ұ: - Аспаптардың құрамын байқап көрейік. Алғашында ағаш үрмелілер – флейта, гобой, кларнет, фагот орындайды. Оларға тағы қандай аспап қосылады?
О: - Мыс үрмелілер – труба сурдинамен, саксафон, валторна, челеста, соло тромбон, труба. Соңында ұрмалы - үлкен барабан, там - там, тромбондар.
Ұ: - Болеродан басқа II кезеңде шыққан шығармалар:
Фортепианолық – цикл Купереннің күмбезі , екі фортепианолық концерт.
Вокалдық – Мадагаскар әндері , Дон Кихоттың 3 әні .
Симфониялық шығармалар – хореографиялық, поэма Вальс , Болеро .
Камералық – скрипка мен виолончельге арналған соната; скрипка мен ф - ға арналған соната; опера - балет Бала мен сиқыр .
4. 2 Ауыстырмақ ойыны.
Ұ: - Ал енді біздің өзіміз импрессионист суретші болып көрейік. Мына терминологиялық сөздерге назар аударыңыздар; бояу, түс, тональдік, гамма, палитра, ырғақ, элегия, симфония, лейтмотив, поэма, нота, ноктюрн, соната, әуен, этюд, эскиз немесе нұсқа. (слайд 17).
Терминологиялық сөздер
бояу, түс, тональдік, гамма,
палитра, ырғақ, элегия, симфония,
лейтмотив, поэма, нота, ноктюрн, әуен
соната, этюд, эскиз немесе нұсқа.
Ұ: Осы сөздерге қарап, көркем суреттен, әдебиеттен, музыкадын сөз тіркесін құрастырайық. Мысалы: бояулардың аккордтары.
О: - дыбыстардың палитрасы, бояулардың симфониясы, дыбысталған түс, суреттелген дыбыстар, шаттанған бояулар, түрлі түсті музыка.
Ұ: - Ия, ал енді Дебюсси мен Равельдің музыкалық шығармаларының атаулары слайдта көрінеді. Сендер сол шығармалардың атауын тауып бір бірімен құрастырыңдар. Шығармалардың атаулары: ( Острова радости , Разговор ветра с морем , Прерванная серенада , Испанский час , Мадагаскарские песни , Игра воды ). (слайд 18).
Радости острова игра
серенада испанский мадагарские воды ветра час песни
с море прерванная
Ұ: - Көркем сурет арқылы композитор оркестрмен қалай суреттейтінін тыңдап көрейік. Дебюссиге бұл сала орыс композиторы Н. А. Римский - Корсаковтан келді. Қазір біз музыкадан үш көріністі тамашалайық: біріншісі – К. Дебюссидің Жел мен теңіздің сұхбаты , М. Равельдің Теңіздегі қайық және екіншісі Н. Римский - Корсаковтың Садко операсынан кіріспе – көк мұхит – теңізі. (слайдта К. Дебюссидің Жел мен теңіздің сұхбаты бейнеролик көрсетіледі).
Бірінші музыка музыка тыңдалғаннан кейін:
Ұ: - композитор қандай әдістермен теңізден қалған әсерін көрсетеді? Ал өздерің бұл музыкадан алған әсерлерін?
Осындай тірі табиғатты дыбыстап көрсете білген суреткер, шынайы суреткер емес пе? - деп К. Дебюсси туралы XX ғ басында орыс композиторы Н. Я. Мясковский айтқан екен. (слайдта М. Равельдің Теңіздегі қайық бейнеролик көрсетіледі және Н. Римский - Корсаковтың Садко операсының кіріспесінен көрсетіледі).
Үшінші музыка тыңдалғаннан кейін:
Ұ: - Осы екі көріністі салыстырып көрейік. Қай музыкада теңіздің апаты жарқын көрсетілген, ал қай музыка теңіздің әсері берілген? Суретшілер мен композиторлардың – импрессионистік туыс тақырыбы бар екені анықталады: бейнелік жанрлық сахналар, суреттік бет әлпет және табиғат көрінісі.
Ұ: - Композиторлар импрессионистер музыканың гармониясын, күрделі аккордтармен, секірпелі ырғақтармен, әр дыбысқа, аккордқа көңіл бөлуі, ладты мүмкіндігінше кеңінен қолдануы музыканы байыта түсірді. Импрессионистер музыкаға тағы бір қосқан үлесі, олар би жанрына көп назар аударғанын көруге болады. Мысалы: шығыс, Испания, негритяндық би жанрына.
Ұ: - Дебюсси өз шығармашылығында классикалық фортепианолық музыкаға джаздың ырғақтарын қолданған алғашқы композитор боп саналады. Детский уголок шығармасының финалында кукольный кейк - уок - американ негрларының биі жүреді. Кейк - уок дегеніміз пирогпен салтанатты шеруі (ең жақсы билеген бишіге сыйлық). Равельде джаз мәнерінде жазылған шығармалары да бар.
Ұ: - Сонымен қатар, импрессионистер өз шығармаларында – гармониялық кешендерді – нонаккордтарды, табиғи пентатондық дыбыстарды, 1 тондық гаммаларды қолдана білді. Дебюсси мен Равельден импрессионистік дәстүрлерін, басқада композиторлық мектептер жалғастыра білді. Олар М. де Фалья в Испании, А. Казелла и О. Респиги в Италии, С. Скотт и Ф. Дилиус в Англии, К. Шимановский в Польше. Орыстың композиторларда А. Н. Скрябин, Ф. Стравинский имрессионистік манерін жалғастыра білді. Импрессионистік музыка көне әуендері, ертегілері және қиялды элементтерін сіңіріп алды. Бұл ағым XXғ бірінші 10 жылдығына дейін өмір сүрді.
3. 3 Музыкалық викторина – қойылған үзінділерді жылдам анықтау.
1. К. Дебюсси Девушка с волосами цвета льна .
2. К. Дебюсси Кукольный кэкуок .
3. К. Дебюсси Послеполуденный отдых Фавна .
4. К. Дебюсси Бергамская сюита 1 перлюдия.
5. К. Дебюсси По белым и черным сюита для 2 - х ф - но, 3 часть. Скерцо.
6. К. Дебюсси Ноктюрны триптих для женского хора и оркестра. 3 часть.
Сирены.
7. К. Дебюсси Лунный свет 3 часть.
8. М. Равель Болеро .
Музыкалық викторина оқушының оқу барысында музыкалық қабілетін анықтау. Оқушылардың жазған викториналардың нәтижесін қарап, баға қойылады.
5. Бағалау. Оқушылардың сабақ барысындағы жеке, топтық жұмыстарын тексеру және бағалау.
6. Үй тапсырмасы.
Презентациясын жүктеу