Балалар мен сендерге Айсұлу деген қыздың басынан өткен хикаялары туралы айтып берейін

Скачать

Дыбыстар еліне саяхат
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын, табиғаттағы әсемдікке мән бере бақылауға үйрету, табиғат туралы түсініктерін молайту. Балалардың сөздік қорын байытып, дыбыстарды дұрыс айтып, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, жұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Балаларды жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялай білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Көктем туралы суреттер. Орман көрінісі, қуыршақ Айнара, Айсұлу қыз.
Билингвизм: Көктем - весна, бақа - лягушка, қуыршақ - кукла
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету. Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біз оқу іс - әрекетімізде көктем туралы әңгімелесеміз. Қазір мен сендерге музыка тыңдатамын. Сендер музыкадан қандай әсер алғандарыңды, музыкада не туралы жазылғанын айтып бересіңдер.
Балалар: Балалар музыканы қызығушылықпен тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші: Ал сендерге мына жұмбақ өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады
Ағаш басы бүршік шашып
Гүл бәйшешек толады,
Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем
Тәрбиеші: Неге көктем деп ойлайсыңдар?
Балалар: Көктемде жерде қар ериді, күн жылынады
Тәрбиеші: Көктемде неше ай бар?
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Көктем қай айдан басталады?
Балалар: Наурыз айынан басталады.
Тәрбиеші: Көктем айында қандай мерекелерді тойладық?
Балалар: 8 наурыз халықаралық Әйелдер күнін, 22 наурыз мерекесін.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
Балалар: Ағаштар бүршік жарады, құрт - құмырсқа тіріледі.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонақ келіп қалған екен. Ендеше қонақпен танысайық.
Ғажайып сәт:
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым Айнала.
Балалар: Таңырқай қызыға қарайды. Қуыршақпен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, Айнара атын дұрыс айтты ма? олай болса, біз Айнараға дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретейік.
Балалар: Дұрыс емес
Тәрбиеші: Айнара қай дыбысты дұрыс айтқан жоқ.
Балалар: Ол р дыбысының орына л деп айтты
Тәрбиеші: Айнара, сен балаларға ренжіме, дыбысты дұрыс айтуды бізбен бірге үйренуіне болады. Балалар дыбыстар қандай болады?
Балалар: Дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыс болып бөлінеді
Тәрбиеші: Ендеше балалар Дыбыстар еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге Айсұлу деген қыздың басынан өткен хикаялары туралы айтып берейін. Ертеде Айсұлу деген қыз болған екен. Ол бір күні анасынан рұқсат сұрамай үйден шығып серуендеп кетеді. Келе жатып ну орманға тап болады. Күн ашық. Көктемнің шуақты күні. Балалар сендер орманда жабайы аңдар, құстар, жәндіктер өмір сүретінін білесіңдер. Айсұлу орман ішімен аяндап келе жатып құстардың даусын естиді. Ол құстарды айыру үшін, олардың үніне құлақ түріп тыңдайды. Ал балалар мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін тауып, олардың қалай дыбыстайтынын айтасыңдар.
Жұмбақ:
Қонып алып талға
Қарқылдайды қарға
Балалар: Қарға
Тәрбиеші: Балалар қарға қалай дыбыстайды?
Балалар: Қар - қар - қар
Тәрбиеші: Айсұлу одан әрі келе жатса қалың шөптің арасынан ысылдаған дыбысты естиді. Қыз жыланды көріп кері шегінеді. Жылан оған басын көтеріп айбат шегеді.
Жылан қалай дыбыстайды?
Балалар: Жылан ысылдайды
Тәрбиеші: Балалар Айсұлуды жыланнан құтқаруға көмектесейік пе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: ендеше жыланның тапсырмасын орындайық.(суретке қарап әңгіме құрастыру)
Балалар: сурет бойынша әңгімелейді.
Тәрбиеші: Айсұлу әбден шаршап қалжырап қайтар жолды таба алмай орман ішімен келе жатып өсіп түұған әдемі гүлдерді көріп қуанып кетеді. Оларды иіскеп тұрғанда құлағына тағы бір дыбыс естіледі. Бұл гүлдің шырынын жинап жүрген аралар болатын.
ара қалай дыбыстайды екен?, бақа қалай дыбыстайды?
Балалар: Аралар ж - ж - ж - ж, бақ - бақ
Сергіту сәті:
Аспанды бұлт торлайды
Жаңбыр жауды себелеп
Кішкене ағаш түбіне
Жасырынып қалды сұр көжек
Жел келіп билейді гу - гу
Дауыл келіп билейді у - у
Қатты - қатты жел жақсы
Жапырақтар қол соқты
Қоян: сен кімсің неге жылап отырсың?
Қыз Айсұлу: Айсұлу қоянға өзінің анасынан рұқсатсыз кетіп қалып адасып жүргенін айтып береді.
Қоян: Қоян менің тапсырмамды орындасаң саған көмектесемін дейді.
Қояның тапсырмасы:
Сиқырлы сәбіз Сиқырлы сәбіздердің ішіндегі дыбыстардың дауысты және дауыссыз екенін айырып, себетке жинау.
Балалар: қояның тапсырмасын қызығушылықпен орындайды.
Тәрбиеші: Балалар сендер қоянның тапсырмасын орындауға көмектестіңдер Қоян Айсұлуға үйіне қайтатын жолды тауып берді
Кәне кім дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар біледі?
Жаңылтпаштар:
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс

Жағажай, жағажай
Жағажайда қамажай
Жағажайды жағалай
Жүгіреді – Қамажай

Зауза ұшады зыңылдап
Зымыранша зырылдап
Зәлім зәу зыңғырлар
Зәру ме зәу зыңғырлар.
Тәрбиеші: Енді балалар дидактикалық ойын ойнайық Өз түсінді тап Ойының шарты: Ойынның шарты бойынша балалар берілген суреттегі заттың атын, қандай дыбыстан басталатынын айтып, өзіне қажетті түсті атайды.
Балалар: Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бүгін сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Бүгін біздер қайда бардық?
Балалар: Саяхатқа
Тәрбиеші: Орманда ненің дыбыстарын тыңдадық?
Балалар: Жылан, ара, бақа, қарға
Тәрбиеші: Қонаққа кім келді?
Балалар: Айнара
Тәрбиеші: Қандай дыбыстарды үйрендік?
Балалар: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды
Қортынды: Сұрақ жауап арқылы оқу іс әрекетін қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
күтілетін нәтижесі:
Баланың білуі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Баланың меңгеруі: Дауысты дауыссыз дыбыстарды айырады.
Баланың жасай алуы: Сурет бойынша әңгіме құруды, ойынды ұйымшылдықпен ойнайды, жаңылтпаштарды жатқа айтады.


Скачать


zharar.kz