Есте сақтау қабілетін дамыту.
Жалпы, ес немесе жад - дегеніміз – адамның күнбе-күн алған әртүрлі мәліметтерін сақтайтын қоймасы деп атауға болады.
Мысалы, бірнеше секунд бұрын ғана болған уақиғаны еске түсіру оңай. Мұндай ақпаратты сақтайтын жад қысқа мерзімді жад деп аталады. Бұл жақында ғана болған уақиғаларды сақтау орны болып есептеледі. Мұндай қысқа мерзімді жадтың көлемі өте шағын болғандықтан, уақыт өткен соң біртіндеп барлық ақпарат ұмытылып кетеді.
Сондай - ақ ұзақ мерзімді жад деген бар. Онда сіз ешқашан ұмытпайтын, ең маңызды деген сәттер сақталады, әрине, жиі еске алып тұрсаңыз.
Сонымен қоса, жедел жад - деген бар. Онда бізге соншалықты қажетті емес бірақ уақытында керекті ақпарат сақталады, кейін ол ақпараттың аса қажеті болмауы да мүмкін.
Егер, ақыл - есті қалай жақсартуға болады - деген ой мазаласа, төмендегі әдістердің көмегі тиеді деп ойлаймын.
Ақыл - есті дамыту үшін:
Ақыл есті жақсартудың бірінші тәсілі – қимыл қозғалыс. Денені шынықтыру (би, жүзу, жүгіру, секіру, т. б.) ми қан айналымын жақсартады, ақыл есті дамытуға мұның пайдасы өте зор.
Екіншіден, түрлі қолөнерімен айналысудың пайдасы көп. Мысалы, кесте тігу, тоқу, сурет салу т. б. Бұл да миға әсер беріп, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Ақыл есті жақсартуда хош иістің де тигізер әсері бар. Мысалы, жаңа туған сәбидің немесе ананың жағымды иісі әсер бергендей, мысалы, әр адамға ұнайтын хош иістер болады.
Төртінші кеңес: егер сіз бір нәрсені есіңізге түсіре алмай жатсаңыз мысалы, телефон нөмірі, немесе фильмнің атауы, дереу іздеп бас қатырудың қажет емес. Алдымен сол туралы асықпай ойлаңыз, артынан есіңізге түседі, бұның да пайдасы бар.
Жаттап алуға әуес болмаңыз. Жаттау арқылы керекті ақпаратты қысқа мерзімді жадта сақтай аласыз, ол тез ұмытылып кетеді, сондықтан пайдасы жоқ. Бұндай жағдайда, ең бастысы керекті мәліметтің айқын көріністері мен мағынасын түсініңіз, сонда есте сақталады.
Ол туралы күніне жүз рет еске түсіру қажет емес, тек жатар алдында еске алсаңыз жеткілікті.
Қызығы сол, тамақтың да есте сақтау қабілетіне әсері бар. Сондықтан тамақ рационында жұмыртқа, түрлі жарма өнімдері, балық, жаңғақтар, түрлі шоколад өнімдері болғанын қадағалаңыз. Бұл өнімдердің қай - қайсысы миды қуаттандыруға қабілетті.
Поэзияны ұнатасыз ба? Егер жақсы көрсеңіз тамаша! (әсіресе есте сақтау қабілетіңіз төмен болған жағдайда). Күніне бір өлең шумағын оқыңыз, апта соңында барлығын бірге қосып оқыңыз. Мұндай жаттығудың нәтижесі бар екенін байқайсыз. Тіпті есте сақтау қабілетін дамытуға арналған арнайы әдебиеттер бар. Оған да назар аудару керек екенін ескеріңіз.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ақыл - естің төмендігімен күресудің бірден - бір емі шет тілін оқып үйрену. Сондықтан егер есте сақтау қабілетіңізді дамытамын десеңіз мұны да ескере жүріңіз.
Қорыта келгенде, жалқаулық пен ақыл - ес түсінігі бір - бірімен тіпті үйлеспейді. Есте сақтау қабілетін дамыту үшін ең басты не қажет екенін түсіндіңіз деп ойлаймын. Жалқауланбаңыз!