Саңырауқұлақтарды баспа

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Кіші сала: Көркем әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, экология, мүсіндеу.
Тақырыбы: Ормандағы өрт
Мақсаты: Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Табиғат аясында өзін - өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ағаштардың макеті, жанған орман, саңырауқұлақ, емен жаңғақтары.
Билингвалдық компонент: орман - лес, өрт – огонь

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Таңертеңгілік шеңбер.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Аман - есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Әңгімелесу
Балалар, күздің соңғы күндері. Мен сендерге орманға серуенге баруға шақырамын, барасыңдар ма?
Орманға барар алдында біз сендермен орманда өзін ұстау ережелерін есімізге түсірейік:
1. Шулама;
2. Ағаштардың бұтақтарын сындырма;
3. Гүлдерді жұлма;
4. Саңырауқұлақтарды баспа;
5. От жақпа;
6. Жалғыз орманға барма.
Онда кеттік, жай жүрмейік. Тақпақ айтайық:
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Аяқты басамыз тез тез.
(ширма ашылады жанып кеткен орман). Кірпі орманда тамақ іздеп жүреді. Балаларды көріп қашып кетеді.
Тәрбиеші: Орманға, не болды екен? Кірпі де қашып кетті. Енді қайттық? (осы кезде қағаз ұшып келеді). Тәрбиеші әңгімені оқып береді:


Скачать


zharar.kz