Тақырыбы:
Зал іші Жаңа жыл мерекесіне сай безендіріліп, музыкалық әуен жиылған қонақтарға көтеріңкі көңіл тудыруда.
Фамфари ойналып кештің шымылдығы ашылады
Ішке еріншектер елінің кейіпкері Стефани кіреді.
Стефани – Сәлеметсіздер ма қонақтар және ата - аналар! Менің атым - Стефани. Мен Еріншектер елінен келген қонақпын .
Сіздерді Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл бұл жаңа нұр,
Нұрдан ләззат ала біл
Ақын жазар жаңа жыр
Жырдан тыңда терең сыр.
Көгілдір шырша жанында көтеріңкі көңіл - күймен мерекелік кешімізді бастаймыз! Мен жалғыз келмедім. Мен өзіммен бірге достарымды ала келдім. – Ендеше ортаға Тәттібек досымды бүлдіршіндермен бірге шақырайық.
– Ортаға Томпақ досымызды бүлдіршіндермен шақырайық!
- Ойынбек досымызда бүлдіршіндермен ортада!
- Әрине құтқарушы досымыз Спортукус бізбен бірге ортада! - Менің бүлдіршіндерім қайда?- деп Стефани өз тобының бүлдіршіндерін шақырады.
(Оларды топ тәрбиешісі алып келеді)
– Кәне қол, соғып қарсы алайық!
Балалар 4 қатарлы сапқа тұрады және кейіпкерлермен бірге флешмоб билейді.
Стефани: – Балалар бәріміз билейміз бе?
- Балалар: - Иә
Би бітеді, балалар дөңгелене жарты шеңберде тұрады.
Стефани: - Балалар көңілдерің көтерілді ме?
- Балалар: - Иә.
Балалар: Хор "Көрікті шырша"
Осы кезде (10 бала тақпақ) айтады.
Стефани: - Балалар мерекелік кеш өте көңілді басталып жатыр, олай болса балалар мерекеге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
1. Аяулым
Жаңа жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2. Жан
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
3. Балнұр
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға
Құт - береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға
4 Бекмұрат
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
5. Қ. Алихан
Кел, Жаңа жыл! Төрле - төрле жеріме
Құт - береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
6. Алихан А.
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Қүтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
7. Абылай
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге
8. Алижан
Зеңгер көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
9. Нұрқанат
Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе аман алыстан,
Сәлем, Аяз атамыз
10. Әсемай
Келді міне, Жаңа жыл
құт береке әкелсін ортамызға, баршаңызға
аңсаған арманымыз орындалып
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын.
Осы сәтте достары Стефаниді сценарий қағазын оқуға шақырып ақылдасып жатады.
Кесірбектің даусы күлкісі естіледі Кесірбек: Аха - ха - ха, аха - ха - ха. Көңілді кеш өткізгілерің келеді екен ғой Ә! Мен сендерге қазір көңілді кешті көрсетейін ха - ха - ха! (кекетіп күледі )
Стефани: - Ой,- ой мына жарыққа не болды? Біздің бүгінгі керемет кешімізге кім кесірін тигізбекші?
- Достары: - Иә, иә бұл кім болды екен?
- Балалар: - Ол Кесірбек Робби
- Стефани: - А - а - а бұл тек қана Кесірбектің ісі екен ғой. – Стефани: - Енді қайттік достарым, кімнен көмек сұрасақ екен балалар?!
- Балалар: - Спортукустан
- Стефани: Дұрыс айтасыңдар балалар.
– Стефани: Бізге тек Спортукус көмектесе алады, сиқырлы тетікшем арқылы оны көмекке шақырайын.
Музыка ойналып Спортукус ортаға келеді (қимылдар жасайды)
Спортукус жарықты жағады.
Спортукус: - Сәламатсыңдарма балалар!
Стефани: - Балалар бұл Спортукус Еріншектер еліндегі құрметке лайық жан. Ол енді біздің ортада. Міне бізге де көмегі тиіп жатыр.
Стефани: - Ендеше балалар ортаға шығып Спортукуспен бірге Гномдар биін билейік (8 бала)
Ақжол, Жан, Бейбарыс, Бекмұрат, Қ. Абылайхан, Қ. Әли, Алижан, Т. Дамир.