Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Мақсаты:
1. Сызбаларды пайдалану арқылы үшбұрыштың және тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрін табу; екі амалмен шығарылатын есепті (сонша, қосындыны не қалдықты табу) шығаруды пысықтау; екі таңбалы сандарды оқу және жазу.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3. Мейірімділікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, қима қағаздармен жұмыс.
Көрнекілігі: қима қағаздар, геометриялық фигуралар.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді жан - жақты сұрау.
1. Өткен сабақтарды еске түсіре отырып, күн көзіндегі сөзді табу. Өткен сабақтардан не үйрендім?
- Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік.
Периметр дегеніміз не?
- Фигураның барлық қабырғасының қосындысы.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеруге дайындық. Жаңа сабақты түсіндіру.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үшбұрыш, төртбұрыш, шаршының периметрін табу.


Скачать


zharar.kz