Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Шилібастау бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарсебаева Жанар Алтынбековна
Өзін - өзі тану 5 сынып
Тақырып Сүйіспеншілік - өмір негізі
Құндылық өзгелерді, әлемді тануға, сүйіспеншілік
Қасиеттер сүйіспеншілік, аялау, жақсы көру
Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру
Міндеттері:
• жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
• сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу;
• оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) суреттер, дәптер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті Су асты патшалығына ойша саяхат Жайлы, баяу музыка қойылады.
Көзімізді жұмып және бірнеше рет терең тыныстап, денемізді бос ұстаймыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайлап отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. бірнеше секунд үнсіздік .
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орыңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Тыныштық сәті барысында толық тыныштық сәтін сезінді.
2. Үй тапсырмасын тексеру
4 - тапсырма, 23 - бет
Дәптердегі тапсырма бойынша тілектерін ортаға салып айтып, сыйға тарту.
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді В. Белинский
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - ана.
Балалар дәйексөз мағынасын аша білді.
4. Әңгімелеу
Махаббат шуағы өлеңін оқып, талдау.
1. Бәрінің бастауы - махаббат! деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
Оқушылардың өз бойларынан ата - анасына, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті анықтау. Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетінін ұғындыру. Бәрі де махаббаттан басталады. Себебі, махаббат болмаса өмірде сан қилы жағдайлар орын алатын еді. Махаббатсыз - өмір бос , - деп Абай атамыз айтып кеткендей махаббат болмаса өмірде өмір сүру қиын болар еді. Мысалы Отанды алып қарайықшы, Отанға деген махаббат болмаса өмірде сабырсыздық, аяусыздық, кішіпейілділік, сыйластық болмас еді. Сонымен қатар Анаға деген махаббат, отбасына деген махаббат бұлардың барлығы болмаса өмірде аяушылық, мейірімділіктің бірі де болмас еді.
5. Шығармашылық жұмыс
З. Воскресенскаяның Ана деген әңгімесін оқу. Әңгімені оқи отырып, аналарына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, эссе жазу.
Оқушылар жеке жұмыс барысында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
6. Топпен ән айту Ана туралы жыр
Сөзі Ғ. Қайырбековтікі. Әні Ш. Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анажан, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қайырмасы:
Ана туралы жыр әнін топпен орындады.
7. Үй тапсырмасы
29 - бет 1 - тапсырма
Өз сүйіспеншіліктерін кімге, неге білдіретіндерін гүл кескіндеріне бейнелеп көрсету.
8. Соңғы тыныштық сәті
Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша қойыңдар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.
Мадақтау.