Құстардың алуан түрлілігі

Скачать

Жұмыс тақырыбы:
Құстар ауа – райын болжай ала ма?
Кіріспе:
Негізгі бөлім.
1. Құстардың ауа – райын болжауы.
2. Құстардың алуан түрлілігі
3. Құстардың өсіп - өнуі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағаты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін Табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты АНА деп құрметтеуінде үлкен мән жатыр.
Табиғат дегеніміз – құлпырған жер беті, асқақ таулар, жасыл орман, ағып жатқан өзен мен көлдер, әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі.
Халқымыздың Табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі Табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуімен бірте - бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және Табиғат сұлулығының алдында бас иген.

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден - ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп ең жақсы көретін адамда құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аяң етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін жанын қиятын ерлерін қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңеген.
Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспандап қалықтау сезіміне бөлейді. Құссыз адам көңілі шарықтамау түгілі жерден де көтерілмес еді. Адамның қиялдауы, бостандықты көзбе - көз көруі, сондай - ақ әдемілікті, сұлулықты түсіну үшін құс – адамға пайдалы.
Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң елдің дәулеті – дегендей, хайуанаттар ішіндегі ең сұлуы, ең сымбаттысы – құстар. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем дауыспен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамды эстетикалық ләззатқа бөлейді.


Скачать


zharar.kz