Кестені пішімдеудің жолдарын ата

Скачать

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау )
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу.
Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде плюс
Белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс.
Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.
Правка – Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка – Вставить командасы арқылы буферден қою керек.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу.
Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка – Номера страниц командасын таңдау қажет.

Құжаттарды басу
Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл – Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл – Печать командасын таңдаймыз.
Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.
Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.
Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.
Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица – Обьединить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица – разбить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды қосу үшін: Таблица – Вставить ячейки командасын таңңдау қажет.
Қатар және баған қосу үшін Таблица – Вставить командасын таңдау қажет.

IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?
3. Кесте деген не?
4. Кесте құру жолдарын ата?
5. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?
6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz