Қазақстанда жауын - шашынның таралуы

Скачать

Қызылорда қаласы,
Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің
география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал
Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы.
Мақсаты: Оқушыларға жауын-шашынның таралуы туралы мағлұматтарын толықтыру.
Білімділік: Мағлұматтарды кеңейтілген көлемде айқындау.
Дамытушылық: Жалпы өзіндік материалдар интернет журнал материалдарынан пайдалану.
Тәрбиелік: Жауын-шашынның маңыздылығы, мақал-мәтелдер айту.
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: Сұхбат, әңгіме
Көрнекілігі: Карта, атлас, контур карталар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
II. Өткен сабақты сұрау, бағалау, пысықтау.
III. Жаңа сабақты меңгерту.
IV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма беру.
Қазақстанның жауын-шашынның таралуы көп және аз аймақтарды картаға түсіру.
Жаңа тақырып: Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуы.
Жоспары
1. Жауын-шашынның түрлері.
2. Қазақстанда жауын-шашынның таралуы.

Атмосферадан сұйық немесе қатты күйде түсетін судың түрін жауын-шашын деп атаймыз. Жауын-шашынның мынадай түрлері бар:
1. Жаңбыр
- кәдімгі жаңбыр
- нөсерлі
- судың қатты түрде түсуі
2. Қар
- ақ ұлпа, жеңіл
- табиғи
- жасанды
3. Бұршақ
- ақ түйір
- жылы мезгілдерде жауады
- бұдақ бұлттардан жауады
4. Қырау
- ақ жұқа ақ түйіршіктер
- таңертең суық кезде түседі
Найзағай. Республика жерінде найзағай құбылысының таралуы жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуына тығыз байланысты. Қазақстанның солтүстігінде оңтүстігіне қарағанда найзағай жиірек жарқырайды. Найзағай Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында көкткм, күз айларында бірнеше дүркін байқалады. Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш маңында бұл құбылыс сирек болады. Шөл және шөлейт зоналарда найзағай тек көктем кезінде жарқылдайды.
Бұршақ. Республика жерінде жыл бойында 1-3 рет, таулы аудандарда 5-6 рет жауады. Бұршақ көбінесе жылы мезгілдерде жауады.
Тұман. Іле Алатауы мен Мұғалжар тауы, ол жерлерде жылына 70-100 күнге дейін тұман түседі. Тұманды күндер негізінде салқын кездерде болады.
Көктайғақ. Оңтүстік аймақтарда (Сырдария, Жайық-Жем алаптарында) көк мұздың қалыңдығы 10-15мм жетеді, ал Ұлытау, Қаратау баурайында 20мм-ге жетіп, мал шаруашылығына қолайсыз жағдайлар туғызады.
Боран. Боранның көп болып тұратын жерлері - солтүстік бөлігінде, кейбір жылдары 30-50 күн боранды болып тұрады.
Жаңбыр - қабатты жаңбырлы (ақ жаңбырлы) және будан жаңбырлы (нөсер немесе нөсерлі) бұлттардан диаметрі 0, 5-0, 7мм-лік тамшы түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның негізгі түрі.
Жел. Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғарғы қысымның төменгі қысымға қарай ағылуынан туындайды.
Мұз-қатты күйдегі су. Атмосфералық сулық судың бетінде және әртүрлі тереңдігінде түзілетін, жер асты және мұздықты деп бөледі.
Қырау-мұз кристалдарының әркелкі жұқа қабаты топырақтың, шөптің, қар жамылғысының және заттардың бетінде ауаның теріс температураға дейін радиациялық суынуының нәтижесінде ауадағы су буының сублимациялық жолмен түзіледі.

Бекіту сұрақтары:
1. Батамен ел көгереді,
.............
2. .........сұрауы бар.
3. Бұл таулы өлке Қазақстандағы ең қар көп түсетін аймақ. Қытайшадан аударылғанда Алтын деген мағынаны білдіреді. Бұл қайсы тау туралы айтылып тұр?
4. Ең көп жаңбыр жауатын жер дүние жүзіндегі аумағы геометриялық фигура үшбұрышқа ұқсайтын түбекте орналасқан. Бұл қайсы түбек және қай жер?
5. Тұманды ел деп аталатын мемлекет?
6. Жауын-шашынның ең аз жауатын мемлекет астанасы?...
7. Үнемі бұл судың көрінісі қатты...
8. Су жанады, энергия ажыратады...
9. Судың булы көрінісі....
10. Қай климаттық белдеуде жауын-шашын мол жауады?...
Үйге тапсырма: §24 Жауын-шашын картасынан жауын-шашын көп түсетін және аз түсетін аймақтарды табыңдар.


Скачать


zharar.kz