Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты. 1. Оқушыларға сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отыра, сын есімнің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін меңгерту. 2. Сөйлемді жүйелі құруға өздігінен қортынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту, сауатты жазуға машықтандыру. 3. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шығармашылық ізденушілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. оқушылар назарын сабаққа аудару.
Қазақ тілім, өз тілім ана тілім,
Абай, Мұқтар сойлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!- деп ақындарымыз жырлағандай, біздің туған тіліміз қай тіл?
Ендеше қай сабақ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) үйге қай жаттығу берілді?
Не істеу керек?
Ә) Өткенде біз нені қайталадық?
Сын есім дегеніміз не (топтастырып көру)
В) Қарсы мәндес сын есім дегкніміз не?
Г) Кім жылыды? ойыны.(қарсы мәндес сөздерін табу)
ІІІ. Мақсат қою
Сын есімнің басқада түрлері бар екенін түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақ.
1) Көк костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
2) Сырты жасыл қап - қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.
Бұл не? Шешуін кім табады? Осы жұмбақтардың ішінен сын есімді табыңдаршы? Қандай айырмашылықты байқап тұрсыңдар?
Демек, балалар, сын есім құрамына қарай дара және күрделі болады екен.
Оқулық және дәптермен жұмыс.
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
Мақалдың ішіндегі сын есімді табыңдаршы? Бұл қандай сын есім?
447 – жаттығу. Мәтінді оқу.
Мәтінде не туралы айтылған? Қаз қандай құс Шағын әңгіме жазу.
446 - жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, дара сын есімді1, күрделі сын есімді2 рет сыз
Сергіту жаттығу. Балалар талай нәрселерді қайталадық, көп нәрселерді білдік. Енді біраз дем алып, шаршағанымызды басайық.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Әннің ата қалай аталады? Авторы кім? А. Құнанбаев кім? Тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
V. Шығармашылық тапсырма.
А) 448 - жаттығу. Берілген сөз тіркестерін 2 сөйлем жазу.
Ә) Өлеңді оқыңдар.
Алматы қаласы
Қандай? Ағашы.
Қандай? алмасы.
Қандай? тауы бар.
Алматы қаласы. (С. Оспанов)
VІ. Сабақты қорыту, бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: