Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттескенде түзілетін қосылыстар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оттекті органикалық қосылыстардың құрылысын, қасиеттерін, қолданылуын жаттығу, есептер шығару арқылы қайталап, бекіту, еске түсіру, жаратылыстағы маңызы туралы мағлұмат бере отырып қорытындылау.
Дамытушылық: студенттердің теориялық ой - өрісін, білімдерін жетілдіріп, ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Органикалық химияның теориялық негіздері пәнінен студенттердің іскерліктерімен, біліктерін дамытып және алған білімдерін болашақта қолдана білуге үйрету.
Сабақты өткізу әдісі: Деңгейлеп оқыту, ойын технологиясы, сұрақ - жауап, баяндау, демонстрациялау және т. б.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Слайд - шоу; қажетті ерітінділер; пробиркалар, штатив, спирт шам, сіріңке және т. б.
Пән аралық байланыс: Биология, медицина, қазақ тілі және т. б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Топ оқушыларын тексеру
2. Оқу - құралдарын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау

1. Сырыққа шығу – Әркімнің өзі шығар бигі бар
• Карбоксил тобы деп аталатын функциональдық топ?
• Құмырсқа альдегиді халықаралық атау жүйесі бойынша қалай аталады?
• Кучеров ашқан гидратация реакциясы?
• Халықаралық атау жүйесі бойынша сірке қышқылының атауы?
• Спирттер бір – бірімен әрекеттескенде түзілетін қосылыс?
• Этанолды қатты қыздырғанда түзілетін қосылыс?
• 6 - 9% тік сірке қышқылының сулы ерітіндісі қалай аталады?
• Күміс - айна реакциясына түсетін қышқыл?
• Спирт молекуласының құрамына кіретін функциональдық топ?
• Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттескенде түзілетін қосылыстар?
• Этерификациясы реакциясы дегеніміз не?
• Медициналық спирттің формуласы?
• Күрделі эфирлердің қандай маңызын білесіңдер?
• Майлар қандай заттарға жатады?
• Ғалымдардың кейінгі деректері бойынша корей халқы туберкулез ауруымен сирек ауыратын болса керек. Оны қалай түсінуге болады?
• Хирургиялық аспаптарды дизенфекциялауда қолданылатын құмырсқа альдегидінің 40% ерітіндісі?

О. Тұрмағанбетұлы атындағы
Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі
Дайындаған: химия пәнінің мұғалімі Смагулова Ж. К.
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау жүктеу


Скачать


zharar.kz