Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының
бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна

Тобы: Ересек.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет: Сурет салу.
Тақырыбы: Таңғажайып көктемнің сыры .
Мақсаты: Майшамды қолдану арқылы сурет салу, губкамен бояу техникасын меңгерту.
Білімділігі: Көктем мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты табиғатты сүюге, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, қорытындылау.
Керек құралдар: Ақ парақ, майшам ( балауыз), акварель бояуы, губка, сүлгі, су, слайд.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер құру.
Көктем келді еліме,
Көктем келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне!
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма?
- Мен сендерге сәттілік тілеймін.
- Ендеше, жақсы көңіл - күймен орнымызға жайғасайық.

Ұйымдастырушылық ізденістік
Тәрбиеші балаларға интерактивті тақтаға назар аударуын сұрайды.
Көктем туралы слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші балалардан қай мезгілді тамашалағандарын сұрайды.
- Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Кім айлардың атауын атап береді?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.
Ғажайып сәт:
Есік қағылады, есіктің алдында гүл толы себет тұрады.
- Ой, балалар, гүл толы себет тастап кетіпті.
- Бұл себеттің иесі кім болды екен?

- Бұл гүлдің атауын білесіңдер ме?
(Бәйшешек туралы мағлұмат беру)
Бәйшешек – өсімдік арасындағы ерте оянатын гүлдердің бірі. Оған қыстың суығы мен қары, көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бірінші екі жапырағы шығады, артынан қоңырау ақ гүл жарады.
- Бұл себеттегі гүлдің күлтешесінің түсі қандай?
Сабағының түсі қандай?
Балалар, бұл себеттің ішінде бір нәрсе бар сияқты. Бұл не?
Бұл жәй хат емес. Кәне, ашып көрейік.
Тәрбиеші хатты ашып қарайды. Ішінен диск шығады. Дискіні қосқанда, Сұлу Көктем балалармен амандасып, тапсырма бергендігі жөнінде айтады.
Балалар, Сұлу Көктемнің тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма?
1 - тапсырма:
Балалар, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тамашалаймыз?

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz