Ормандар мен тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары

Скачать

Сабақ тақырыбы: Орман - тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
1. Оқушыларға орманның адам тіршілігіндегі рөлін көрсету; Оларды орман мен тоғайдың өсімдіктерімен, жануарларымен, адам тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған экологиялық проблемаларымен таныстыру.
2. Орман түрлерін ажырата білу, оларға тән ерекшеліктерді ұғындыру.

Тәрбиелік:
Экологиялық ұғымын тереңдете отырып, туған өлке табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Ассоциация тудыра отырып, талдауға, ой тұжырыдауға, жіктеуге, пікір айтуға, өз бетінше жүйелеп сөйлеуге төселдіру; танымдық қабілетін дамыту.

Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.
Көрнекіліктер: Электрондық презентация.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Бүгін біз табиғи бірлестіктерге саяхатымызды жалғастырамыз. Осыған дейін мұхиттар мен теңіздерге барған болатынбыз. Өткен сабақта шалғындықпен таныстық. Саяхатқа бізбен бірге зоологтар, ботаниктер, экологтар және эксперттер барады. Шалғындықта көрген өсімдіктермен, жануарлармен таныстыру үшін төмендегідей 4 сұраққа жауап беруіміз керек.
1. Зоологтар - Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?
2. Ботаниктер - Шалғанда қандай өсімдіктер өседі?
3. Экологтар - Шалғындықты қорғау үшін біз не істей аламыз?
4. Эксперттер - Үш топтың жауаптарын қорытындылай отырып, шалғындық туралы қосымша не айтар едің?
2. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында тест жұмысы алынады.
3. Мұғалім үй тапсырмасын сызба арқылы қорытады.
Шалғын

Табиғи орта, жайылым, таза ауа, малға азық, жануарларға азық, дәріхана, баспана, әдемілік

III. Жаңа білімді хабарлау
Сабақтың тақырыбы: Ормандар мен тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары.


Скачать


zharar.kz