Жұмекен Нәжімеденов өлеңіЖатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап

Скачать

Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап.
Құм - шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын, өзіңмін:
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!
Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді, аласамын тап - тайпақ,
Сен секілді, таласамын - биікпін!
Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен өңдемек .
Дәл өзіңдей қарапайым болам мен,
Дәл өзіңдей! Маған, сірә, сол керек!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия


Скачать


zharar.kz