Тақырыбы: Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.
Арыс қалалық білім бөліміне қарасты М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Д. Абилованың Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру тақырыбындағы баяндамасына
Пікір
Өзін - өзі тану адамгершілік - рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылатындықтан бұл баяндамада оқушыларға адамгершілік - рухани тәрбие беру мәселелері қарастырылған.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Абилова Динараның Өзін - өзі тану пәні бойынша жазған Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру тақырыбындағы баяндамада оқытудың жаңа технологиясын оқу үрдісіне енгізудің қажеттігі толығымен қамтылған.
Баяндамада педагогтардың кәсіби ұстанымдары бойынша материалдар, интерактивті әдістемелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай - ақ өзін - өзі тану сабақтарында, тәрбиелік шараларда пайдаланатын тәсілдердің, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары бойынша жаттығулардың, сабақтардың үлгілі әзірлемесі ұсынылған. Баяндамада көрсетілген әдістемелік ұсыныстарды өзін - өзі тану мұғалімдері пайдалана алады.
Баяндама өзін - өзі бағалау мен жалпы бағалауды үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым - қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін - өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік беретіндей етіп жазылған. Жұмыста тақырыптың мәнін ашу, дәлелдеу жалпы өз деңгейінде орындалған.
Аннотация
Бұл баяндамада педагогтардың кәсіби ұстанымдары бойынша материалдар, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы, интерактивті әдістемелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай - ақ өзін - өзі тану сабақтарында, тәрбиелік шараларда пайдаланатын тәсілдердің, СТО технологиясы бойынша жаттығулардың, сабақтардың үлгілі әзірлемесі ұсынылған. Баяндамада көрсетілген әдістемелік ұсыныстарды өзін - өзі тану мұғалімдері пайдалана алады.
Аннотация
В данным докладе содержатся материалы по вопросам нравственно - духовного воспитания школьников.
В докладе представлены материалы по профессиональной позиции педагога, структура портфолио ученика и учителя, особенности использования интерактивных методик, а также примерные разработки упражнений, уроков, приемов, используемых на уроках самопознания и в воспитательных мероприятиях.
В указонном докладе методические рекомендации могут быть использованы учителями самопознания, классными руководителями, воспитателями.
Annotation
This repovt offers the materials of professional positions of tlachers, peculiarities of using interactivl methods of pupils and tlachers, allo, elaborations of exemplary lessons, exereises, methods used in educational mealures in self - cognition lesson. The materials shown in the repovt can be used by teachevs of self - cognition lessens, clfss divectors and bredders.
Жоспары
І. Кіріспе
Өзін - өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
Адамгершілік - рухани білім беру үрдісі
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Өзін өзі тану пәні бойынша білім мен тәрбие беру әдістері мен тәсілдері.
ә) СТО технологиясы бойынша жаттығуларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар.
ІІІ. Қорытынды
Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.
Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата - аналар алдында жас жеткіншектер мен кейінгі ұрпаққа рухани - адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – Өзін - өзі тану жобасының авторы С. А. Назарбаева ұсынды.
Өзін - өзі тану адамгершілік - рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бөбек Ұлттық ғылыми - практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен Өзін - өзі тану жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады. Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетіп отыр.
Өзін - өзі тану мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізіп келеді.
Өзін - өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін - өзі тануға, өзін - өзі жүзеге асыруға, өзін - өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға тиіс. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік - рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін - өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай - ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған. Бұл ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған. Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік - рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.
Мектепте және балабақшада өзін - өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін - өзі тануына, өзін - өзі іске асыруға көмектеседі.
Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік - рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым - қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер қуаныш шеңбері, өзімен - өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс - әрекет т. б. жаттығулар пайдаланылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Абилова Динара Қасқарбекқызы