Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылы,
Жамбыл орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Дюзьбаев Даурен Кенчиликулы
Дене тәрбиесі пәнінің 8 - сыныптағы сыныптан тыс сабағының
ЖОСПАР - КОНСПЕКТІСІ.
Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спорты. Биатлон. Аралас эстафета.
Сабақтың мақсаты: 1. Эстафеталық жарыс мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін, шаңғы тебудің әр түрлі әдіс - тәсілдерін меңгерту.
2. Дене қуаты қасиеттерін дамыту. Түйсік, сезім, жүйке жүйесін дамыту.
3. Оқушылардың дене мүсіндерін дұрыс қалыптастыру.
Биатлон спортына қызығушылықтарын арттыру.
Өткізілетін орны: шаңғы алаңы
Құрал - жабдықтар: шаңғы, таяқ, пневматикалық мылтық, нысана, жалаушалар.
І. Кіріспе бөлімі (10 - 12 минут)
Сыныптан тыс сабақтың мазмұны
Оқушыларды қатарға тұрғызу, рапорт алу, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен, мақсатын таныстыру.
Шаңғыны тағып 100м алаңды айналып жүру.
Орнында тұрып ЖДЖ жасату:
1. Мойынды оңға, солға айналдыру.
2. Қолды алға, артқа айналдыру.
3. Бастапқы қалыптағы тұрыс, қолды белге қойып, оңға, солға белді айналдыру
4. Б. Қ екі аяқты алшақ қойып, алдыға қарай еңкейіп, екі қолды кезек: оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына қарай созу.
5. Орнында отырып тұру.
ІІ Негізгі бөлім (28 - 30 минут)
Эстафетаны екі команданың қыздары бастайды. Бастаушылар сөре сызығына дайындалып тұрады. Келесі команда мүшелері эстафетаны алу сызығына барып дайын тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша эстафета басталады. Қыздар бір айналым жасап, ату орнына келіп, мылтық ату әдісімен (жатып ату) нысана атады. Мылтықтар нысана ату орнында жатады. Әр спортшыға төрт оқ беріледі. Біреуі - қордағы оқ. Үш нысананың барлығына тигізген спортшы эстафетаны келесі спортшыға тапсырады. Ал тигізе алмай қалған спортшы (тигізбеген нысана санына қарай) 75м кіші айып айналымын жүгіріп өтіп, келесі әріптесіне эстафета тапсырады. Ол өз кезегінде осындай қимыл - әрекеттер жасап, эстафетаны жалғастырады. Осылайша командадағы барлық төрт спортшы ара қашықтықты жүгіріп өтіп, нысана атып болғанша жарыс жалғаса береді. Қай команда бірінші болып мәре сызығын кесіп өтсе, сол команда жеңіске жетті деп есептеледі. Жарысты аяқтаған оқушылар шаңғыларын шешіп өздігінен организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасай береді.
Толық нұсқасын жүктеу