Ашық дауыстылардың жазылуы

Скачать

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстардың емлесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың фонетика тарауынан алған лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, елдікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ. Дауысты дыбыстардың емлесі.
1. Ашық дауыстылардың жазылуы
1. А, е дауыстылары сөздің барлық буынында жазылады. Мысалы: алақан, мақала; ереже, елгезек.
2. Ә дауыстысы көбінесе сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: ә-сем, ә-леу-мет, дәу-рен, кә-сіп, ән, т. б.
Ескерту:
1) ә әрпі мына сияқты сөздердің екінші буынында естілуі бойынша жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, күмән, зәмзәм, шүбә, мүсәпір, Күлән, Күләш, Күләй;
2) ә әрпі біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді: ендігәрі, әжептәуір, Гүлжәмила, Бейсенәлі, кәп-кәрі, әлсін-әлі.
3) О, ө дауыстылары сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: бө-рене, кө-белек, ө-сімдік, оқ, тор, төр. Ескерту: 1) о әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында жазыла береді: кино, синоним, домино;
2) о, ө әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді: көркемөнер, төсек-орын, алабота, Айнамкөз, т. б.

2. Қысаң дауыстылардың жазылуы.
1. Ұ, ү әріптері сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: ұзын, ұлы, құ-лын, күн, құн, ұн, жұ-дырық, т. б.
Ескерту: 1) Ұ, ү әріптері мына тәрізді сөздердің екінші буынында жазылады: бұлбұл, мазмұн, мақұл, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, байғұс, мағлұмат.
2) Ұ, ү әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буындарында жазыла береді: қыстыгүні, көкқұтан, мал-мүлік, күп-күрењ, т. б.
2. Ы, і әріптері сөздердің барлық буындарында жазылады. Мысалы: ыдырау, ыстық, абырой, айығу, іскер, көрініс, қабілет, қатынас, ықылас, қыртыс, т. б.
Ескерту: Кейбір сөздердің соңғы буынындағы ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауынан басқа қосымшалар жалғанғанда, жазуда түсіп қалады: орын+а=орна, ойын+а=ойна, бұйыр+ық=бұйрық, жиын+ал=жинал, қорық+ыт=қорқыт.
3. И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістерге –у, -а жұрнақтары жалғанда, олар ю, я болып жазылады: қи+у=қию, қи+а=қия, и+у=ию, кей+у=кею, тый+ады=тыяды.

ІV. Бекіту сабағын өткізу:
Қай жағынан оқысаңдар да, белгілі бір мағынаны білдіретін 10-15 сөз теріп жазыңдар.
Түс - сүт, сақ - қас, лақ - қал, сал - лас, қазақ, қызық, құс - сұқ, тақ - қат.
Сөздің басы мен соңғы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін 10 сөз тауып жазыңдар.
Алма, іні, ынталы, арна, арпа, әже, өлке, арба, айна, аққала.
Қасық, қақ, балық, жастық, қар, тас, төл, сал, қыр, мал.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Ү. Сабақты қорытындылау. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

VІ. Үй тапсырмасын беру:
1. Ашық дауыстылардың жазылуы, Қысаң дауыстылардың жазылуы.
VІI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


Скачать


zharar.kz