Химия 8 сынып
V - тарау. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау.
Сабақ тақырыбы: Оксидтер, жіктелуі, алыну жолдары
Оқу тәрбие міндеттері.
Оқыту міндеті: Оксидтер жайлы білімдерін нақтылау. Оксидтер формулаларын жазу, химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, оксидтер формулаларын графиктік кескіндеуді меңгерту.
Дамыту міндеті: Өзін - өзі және бірін - бірі оқыту, өздеріне қорытындылатуда ізденісін дамыту.
Тәрбие беру міндеті: Тақырып мәнін ашуда экологиялық білім беру
Сабақ түрі: Тақырыпты меңгерту. Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Өздік жұмыс, ойын элементтерін қолдану, жеке және топтық жұмыс, ауызша сұрақ - жауап , жазбаша сұрақтар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнішілік байланыс: Органикалық химия күрделі зат метанды жағу үрдісі
Пәнаралық байланыс: Биология
Көрнекілігі: 1. Химиялық логарифм сызғышы мұғалім, оқушы үстеліне және тақтаға ілуге арналған
2. Сен білесің бе? электровикториналарға арналған құрал мұғалім, оқушы үстеліне қойылады.
3. Сурет Бәйге
4. Сигнализатор
5. Дидактикалық үлестірмелі қиықшалар
6. Кесте. Кейбір оксидтер атаулары
7. Сызбанұсқа. Оксидтердің жіктелуі
Қолданылатын әдістемелік оқулықтар: 1. Әдістемелік нұсқау. 2. Есептермен жаттығулар жинағы
Қосымша пайдаланылған журнал: Химия мектепте
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
а Мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі
ә оқушыларды түгелдеу
б жұмыс орнын әзірлеу
в оқушылардың сабаққа көңіл аударуын ұйымдастыру
1 мин
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу.
Оқушылар бинарлы қосылыстар және оксидтер анықтамасы, атауы туралы қойылған сұрақтарға жауап береді. Оксидтер формулаларын жазып, оқиды. (10 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақтаға сабақ тақырыбы жазылады. Оқушылар дәптерлеріне жазады. Оксидтердің жіктелу себебін түсіну. Сызбанұсқаны пайдаланып, пікірлерін білдіреді. Жауаптарын бір ретке келтіруде интерактивті тақтада берілген формулаларды латынша оқу. Аталуын қазақша табу.
Оксидтер жіктелуі: