Әнұран авторлары

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаса, жайна, Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының 21 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімен, мемлекеттік рәміздерімен, авторларымен, еліміздің астанасы - Астана қаласымен
таныстыру, отансүйгіштікке, елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: суреттер, нақыл сөздер, мультимедиа.

Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды тынышталдырып, назарларын тәрбие сағатына аударамын.
Кіріспе сөз: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өзіміз өмір сүріп отырған туған еліміз – Қазақстан Республикамыз туралы болмақ.
Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан - деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай
Жаса, жайна, Қазақстан атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Хор: Күн дидарлы Қазақстан
Мұғалім: ( картамен жұмыс) Қазақстанның жері ұлан байтақ, кең. Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 9 – орында. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (Т М Д) елдері ішінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі 2 - орында. Қазақстан Ресеймен, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 10 000 – нан аса өзен, көл бар. Ең ірі өзендер: Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, ең ірі көлдер Балқаш, Алакөл, Зайсан. Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері бар, олар бір - бірімен тату.
Қазақстан халқы басынан көп қиындықты өткізді. Еліміз аштықты, қуғын - сүргінді, соғысты көрді. Міне, осындай қиындықтарды жеңіп, еліміз тәуелсіз ел атанды. Тәуелсіздік, еркіндік - ежелден ел тілегі. Осы тілек 1991 ж 16 - желтоқсанда қабыл болды. Осы күні еліміздің тәуелсіздігін жариялаған заң қабылданды. Бақытты өмірдің есігін аштық. Қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Елтану белгілеріне не жатады? ( ту, елтаңба, әнұран)
Олар туралы не білесіңдер?
Мемлекеттік Ту – көк түсті, тікбұрыш мата. Ені ұзындығының жартысына тең. Ортасында нұрын шашқан күн бейнесі мен қыран бүркіт.
Ал тудың сабын бойлай тігінен алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған.
Көк түс - адалдық, тазалық дегенді білдіреді.
Күн бейнесі - байлық пен береке белгісі.
Қыран бүркіт - биліктің, көрегендік пен дархандықтың нышаны. Ол құс - Бақыт шырағын арқалап тұрғандай.
Ою - өрнек – қазақ халқының өзіне тән тану тәсілінің бірі. Әсем өрнек қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты.
Мұғалім: Мемлекеттік тудың авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Елтаңба туралы не білеміз?
Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, оның айналасын күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан, оны пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
Мұғалім: елтаңбаны жасауға 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған. Соның ішінде бүгінгі елтаңбамызға Елбасының назары ауды. Сонымен елтаңба авторлары, сәулетшілер: Жандарбек Мәлібекұлы, Шот - Аман Уәлихан.

Әнұран туралы не білеміз?
Әр елдің өзіне тән ұлттық әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Әнұраны да адамға зор рухани әсер ететін күш. Өйткені Әнұранда халықтың, елдің бірлігінің нышаны бар. Мемлекеттік Әнұран – елдің әдеби - сазды төлқұжаты. Әнұран авторлары: Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов.

Рәміздерім, сен неткен маңызды едің (тақпақтар)
Мұғалім: Біздің еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген жетістіктерге жетті.
1992 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Қабылдаған Ата Заңымыз бар. Тұңғыш қазақ Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1997 жылы 20 қыркүйекте Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы ашылды.
1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды. Астана - Қазақстанның бас қаласы.
Мұғалім: 20 жылдың ішіндегі ең үздік жетістігіміз ел астанасын, қазақ елін әлемге танытқанымыз.
Арқаның қақ төрінен,
Қоныс тепкен құт мекен
Жас қалам, әсем, бас қалам
Елордам менің – Астанам.
Ән: Ел жүрегі - Астана.
Қалада аз уақыт ішінде Президент Сарайы, Үкіметпен Парламент үйлері бой көтерді. Қазақтың үш данасы Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Есіл өзенінің сол жақ жағалауынан бой көтерген әсем ғимарат Астана – Бәйтерек деп аталады. Биіктігі 97м. Бұл ғимарат - бас қаланың рәмізі. Бәйтерек ағашы – бақыт пен құттың белгісі.
Балалар, біздің туып өскен жеріміз Қазақстан. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақ халқы ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.. Біздің елімізді әлем таниды. Қазақстанда өмір сүруші әр адам өз Отанын сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Отан дегеніміз, адамның туып өскен жері, туған – туысқан, жақындарымен бірге тұратын атамекен.
Ән: Жаса Қазақстан!

Қазақстан болашағы бар ел. Ал болашақ мына сендердің қолдарыңда. Иә, осынау кең байтақ еліміздің асқар таулары, шалқар көлдері мен өзендері, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері сендер қандай болу керек?

Болашақ егелері - Білімді білікті ұлтжанды ұрпақ маман азамат!


Скачать


zharar.kz