Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті, саяси құрылысы, діннің таралуы
жайлы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру
Дамытушылық: ой пікірін, көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға, тарихи
оқиғаны талдай білуге үйрету
Тәрбиелік: еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, XI - XVIғасырлардағы Қытай, Жапония елдерінің
саяси картасы, тірек - схемалар т. б
Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, олардың зейінін сабаққа аудару
Бүгінгі сабақта ‹‹ Орта ғасырларға саяхат ›› жасаймыз. Сынып екі топқа бөлінеді.
Сұрақ - жауап сайысы ( өткен тақырыптардан.)
‹‹Кім жылдам?››
1. Жапонияда мұрагерлік жер не деп аталады? (сеэн)
2. Жүз жылға тең келетін уақыт өлшемі? (ғасыр)
3. Славян алфавитінің негізін салушылар? (Кирилл мен Мефодий)
4. Көшпелі арабтарды қалай атаймыз? (бәдәуилер)
5. Орта ғасырлардағы шіркеу соты? (инквизиция)
6. Христиандардың қасиетті қаласы? (Иерусалим)
7. Мұсылмандардың қасиетті қаласы? (Мекке)
8. Рим Папасының иелігі қалай аталады? (Ватикан)
9. Орта ғасырлардағы салық түрі? (барщина)
10. Томаға - тұйық шаруашылық қалай аталады? (натуралды.)
Үй тапсырмасын сұрау. Жапониядағы феодалдық құрылыс.

Сәйкестендіру тесті
1. Самурай................................. А). ең жоғарғы билік
2. Дайме.................................... Ә).. әскери адамдар
3. Сеэн........................................ Б) жаңа әлеуметтік топ
4. Микадо................................... В).. ең ірі феодалдар
5. Сегун....................................... Г.) мемлекет иесі, мұрагер
6. Император............................. Д) жер иеліктері

‹‹Цифрлар сөйлейді.››
1192............ 1428........ 1199........... 36.......... 67.......... 1532...... 1483....... 1573...... 1592...... 265.

Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа сабақ: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Жоспар: 1 Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел.
2. Қытайдағы жер иеліктері
3. Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
4. Діннің таралуы.
Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас орнай бастады.
Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар - Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты. (картамен жұмыс). Қытайда суармалы егіс кең етек алды. Қытайды әлі күнге дейін Жібек елі деп атайды. Себебі: Қытайда ежелден жібек құрты өсірілді.
Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады.
Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бұйымдар шетке шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді. Шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120му жер берілген. 1му - 0, 06га. Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғ. басында Қытайдың солтүстігіндегі көршісі - ғұн тайпалары шабуыл жасайды.

311ж – Лоянды басып алды.
316ж - Чанъанды
589ж Қытайда біртұтас феодалдық құрылды. Янь - Цзянь елдің императоры болды.
616жылға дейін – Суй әулеті басқарды.
618ж Тан әулеті 907ж дейін ел басқарды.
960ж - 1279ж Сун әулеті елді біріктірді.

Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы:
Император ---------←кеңсе
↓ ------------- ↓ ------- ↓ --------- ↓
Басқарушы әскери сарай тексеруші

Шенеуніктер басшылар қызметшілері палата
Діннің таралуы. IV - Vғ. Будда діні кең тарады. Дінді уағыздаушы және таратушы Будда храмы болды. Буддизм адамдарды шыдамды болуға шақырды.
‹‹Ойлан тап››
1. Қытайлықтар өз елін - ‹‹ аспан асты елі›› дейді, ал өзге халықтар қалай атайды?
(ағылшынша CHINA)
2. Мемлекеттің астанасы.................. Пекин
3. Қытай жазуы қалай аталады?
4. Мемлекеттің туын тап
Жаңа сабақты бекіту: 1. Б. з І ғ. Қытайда қандай дін тарай бастады?
2. Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болған?
3. Шаруашылықтың қандай түрі болған?

Үйге тапсырма: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті. Оқу.
Бағалау. Екі топтың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.
Алған бағаларын күнделіктеріне қою.


Скачать


zharar.kz