Сабақтың тақырыбы: Мүмкін нұсқаларды іріктеу
Сабақтың мақсаты;
Білімдік мақсаты:
- Есеп шешуінің мүмкін нұсқаларындағы шамаларды келісілген шартты белгілермен (әріптермен немесе цифрлармен қажет болған жағдайда сандармен) белгілеп жазуға үйрету;
- Есептің шешуінің мүмкін нұсқаларын анықтауда тиімді нұсқаны таңдай білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ой – өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз бетімен ойлауға, сөйлеуге, шыдамдылыққа, реттілікті сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар (нұсқалар ағашы) тапсырмалар жазылған карточка, кітап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Оқыту әдісі: ұжымдық әдіс.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу; оқушылар назарын сабаққа аудару, сабақ өткізу әдісін таныстырып өту.
Жаңа сабақты оқып үйрену.
1) оқушыларға мүмкін нұсқалар ағашын үйретіп, ондағы шамаларды келісілген шартты белгілермен белгілеуді қарастыру.
Оқулықтағы 1, 2 мысалдарды қарастыру.
1 - мысал. Кезекшілік ету ретінің нұсқасы