Қақпаны аш, Наурыз келді ертеңгілігі.
Балалар залға көңілді ән - күймен, ұлдар кіреді содан кейін қыздар кіредіқыздар.
Жүргізуші: Құрметті қауым!
Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Күн мен айға әлемнің.
Берем ыстық сәлемін,
Қарттарыма сүйсеніп.
Сәлем берем иіліп!
Қымбатты ата - аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.
Наурыз - мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.
Наурыз - жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.
Бұл күні ата - аналарымыз бен әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.
Тойдың көркі ән дейді халқымыз
Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Ән: Наурыз
Тақпақтар:
Алия:
Наурыз тойы – елдің тойы.
Көктем тойы – төлдің тойы.
Әжеме еріп наурызда.
Араладым туыстарды да.
Әділ:
Жасасын деп ұлыстың Наурыз!
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп шығып,
Барлық үйден дәм татамыз!
Адилия:
Наурыз келді тойға ұласқан!
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып берекелі
Өмір сүрсін бақытты елім!
Музыка залға бір бала атқа мініп шауып келген Сүйенші, сүйенші Сара апамның ауылында Тұсау кесу тойы басталды. Келіңіздер! Көрініздер! қуанышқа ортақ болыңыздар – деп жар салады.
Тәрбиеші: Міне ботам, сүйіншіңді ала ғой деп оған ырымын беремін. Ал балалар ендеше Сара апамның ауылына тойға барайық.
Сара апамның ауылына келдік:
Ақ әже: Сәлеметсіздер ме ботақандарым Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Міне наурыз мейраммен менің немеремнің тұсау кесу тойда бірге келіп қалды!
Кіріңдер, төрлетіңіздер, жоғары шығындар.
Жүргізуші: Әже біздің балалар наурыз мейрамына тақпақтар дайындап жаттап келген.
Тақпақтар:
Асыл:
Шаттығымыз - жырымыз.
Жаңа наурыз - жылымыз
Ақ тілеумен осындай.
Бақ боп үйге кіріңіз.
Иса:
Арпа, бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден.
Бұл тойдағы бас тағам!
Әже: Баян немеремнің тұсау кесердің алдында балалар қандай тілек айтар екен.
Балалар: Бақытты болсын!
Дені сау болсын! Роза Рымбаевадай әнші болсын!
Әже: Рахмет қарлығаштарым!
Енді тұсау кесу рәсімімізді бастайық.
Не үшін ала жіппен тұсау кеседі - деп ойлап отырсыңдар ғой.
Болашақта Баян ешкімнің ала жібін аттамасын деген тілек қой!
Қаз қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін.
Тұсауыңды кесейін.
Әже біздің балалар Баян немеріңізге арнап ән дайындады.
Ән: Айналайын - ай, балапаным - ай
Әже: Ой құлындарым, ботақандарым қандай жақсы ән айттыңдар, рахмет сендерге көп жасаңдар.
Музыка залға Тазша бала келеді.
Сәлеметсіздер ме. Мен Тазша баламын осы ауылда той болып жатқан естіп мен де келіп қалдым. Мен өзімен бірге ойындар әкелдім. Қандай наурыз мейрам ойынсыз өтеді. Сондықтанда қазір біз ойын ойнаймыз.
Ойын: Арқан тартау , асық .
Тақпақтар: Бауыржан, Аделя, Алихан.
Ән: Туған жер
Әже: Батасын береді.
Құрметті ата - аналар, балалар мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай - бақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Өткізген: Досатова К. Д.
Қақпаны аш, Наурыз келді ертеңгілігі. жүктеу