Қожанасыр туралы хикаяларды оқып, танысу

Скачать

Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Тақырыбы: Қожанасыр туралы әңгімелер

Мақсаты: 1) аты халқымыздың аузынан түспейтін, ерте заманнан әйгілі болған, сөз тапқыш кейіпкерге айналған Қожанасыр туралы хикаяларды оқып, танысу;
2) тіл байлығы мен ақыл - ой өрісін дамыту;
3) ауызекі тілге қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік Қожанасырдың суретін интертақтадан слайдынан көрсету, Балдырған журналы.
Әдісі: топпен жұмыс, СТО стратегиясы, сахналау.
Түрі: аралас сабақ..

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Топтар құру, І - топ - Білгіштер , ІІ - топ - Тапқырлар , ІІІ - топ - Зеректер
ұрандарын айтқызу, бір - біріне жақсы тілек айтқызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( үйде құрастырып келген өтірік өлеңдерін ортаға шығып, оқып беру, сәтті шыққандарына мақұлдайтын 3 рет шапалақтау)
ІІІ. Ой шақыру: (тақтадағы топтама )- Мына сипаттамаға сай келетін, баяғы заманнан кез - келген балалар журналының ішіндегі ертегілер мен аңыздарда қызықты оқиғаларымен әйгілі кейіпкерді тауып көріңдер. Аты кім екенін айтыңдар.
?

Сөзтапқыш
Халықтың сүйікті кейіпкері
Жуас
Айлакер
Күлкілі
Жақсылыққа жақ

(Әр басылымдағы суреттерін көрсету)
- Ал, сендер атақты Қожанасыр туралы қандай қызық хикая білесіңдер?
(Әр топтан үш оқушы өздері білетіндерін айтып береді)
Интертертақтадан слайд көрсету

ІҮ. Топпен жұмыс
І - топ: Оқулықтың 36 беттеріндегі Қожанасыр туралы мағлұматты топ ішінде оқып, бүкіл сыныпқа таныстыруға дайындалады.
ІІ - топ: Оқулықтың 37 бетіндегі Қожанасыр мектепте хикаясын өз тобының ішінде оқып, бір - біріне айтып береді, ортаға шығып бүкіл оқушыларға рөлге бөліп айтады
ІІІ.- топ: Төрттен төртті алса не қалады? хикаясын оқиды, дәл басқа топтардай дайындалады, мазмұнын ортаға шығып 2 - 3 оқушы болып, рөлмен айтып береді.
(Дайындалуға 5 мин.)

Ү. Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық..

ҮІ. Бекіту жұмысы. (Сұрақтар жазылған карточкаларға жауап алу)
- Қожанасырдың мұғалімге берген жауаптарына қарап, оны қандай оқушы деп ойлайсың?
- Күн бір сағатқа ұзарды деген мұғалім сөзін Қожанасыр қалай түсінген? Сен Қожаға қалай түсіндірер едің?
- Екінші мәтіндегі Қожанасырдың жауабын дұрыс не бұрыс екенін дәлелде..
- Қожанасыр шынымен төрттен төртті азайта алмауы мүмкін бе?
- Қожанасыр туралы әңгімелерді оқығанда, қандай сезімде болдың?

ҮІІ. Дәптермен жұмыс 23 бет.
а) Қожанасырдың қуанышы өлеңін оқып, мазмұнын ашу.
ә) Шығармашылық жұмыс:
1. - Қожанасырға не айтар едің? Оған хат жаз. Баспадан шыққан дәптердің 23 беті
2. – Ортаға шығып оқып беріңдер. (2 - 3 оқушыға оқытып, бағалау)

ҮІІІ. Сабақты қорыту, бағалау.
ІХ. Үйде: 36 - 38 беттер. Шапшаң оқу, мазмұнын айту.


Скачать


zharar.kz