Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс алды – ынтымақ
Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.
Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас (Абай).
Айрылған азады, косылған озады.
Ақсақтың аяғы жетпесе де таяғы жетеді.
Апалы - сіңлілі тату болса үйді гүлстан етеді.
Ақ түйенің қарны ақтарылды.