Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Конспект
14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37, 5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.
14 - 15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез - шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.
Конспект сұрақтар
1. 14 - 15 ғасырларда ғимарат төбесін жабу ісінде жетілдірілді:
2. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлме саны:
3. Далалық сәулет өнері үлгісінде жасалған кесене:
4. Қабырғаларының сырты кілем өрнегіне ұқсатып қаланған кесене:
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі салынды:
6. Арыстан баб кесенесі орналасқан жер:
7. Ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған мезгіл:
8. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан:
9. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан:
10. Қожа Ахмет Йассауидің ұстазын көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері. жүктеу