Қайғымен жалғыз күңіреніп, Жан - жарым

Скачать

Мағжан Жұмабаев

(Гетеден)
Айрылдым сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жапанда жалғыз жолаушы,
Аспанда торғай жырласа,
Көзі көкте, тілегі -
Көріп жақын, тыңдаса...
Мен де сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп,
Жан - жарым! - деп жылаймын.


Скачать


zharar.kz