Сандар сыр шертеді атты интеллектуалды сайысының өту жоспары.
Тақырыбы: Сандар сыр шертеді
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін, білік дағдыларын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру; 2. оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге дағдыландыру; 3. топпен жұмыс істеуге, еңбекке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Түрі: интеллектуалды сайыс
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап
Сайыстың өту барысы:
1. Таныстыру (әр топ өзін таныстыру)
2. Сандар сыры 3, 7 сандарының қасиеті
3. Қас - қағым сәт блиц турнир (әр топқа 10 сұрақ)
4. Қызықты есептер
5. Формулалар
6. Капитандар сайысы
7. Суретшілер сайысы
8. Қорытынды. Марапаттау
1. Таныстыру (әр топ өзін таныстыру)
2. Сандар сыры 3, 7 сандарының қасиеті ұғымдары.
Сандардың сырына біз үңілеміз
Үйренбеген достардан түңілеміз
Қасиетті сандарға байланысты
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.
Үш саны.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл
Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе
Үш көз: су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы құлақ
Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты, қайың жұрты.
Жеті саны:
Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті қазына. Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық
Жеті жұт: құрғақшылық, мал жұтау, оба (індет), өрт, соғыс, сел(тасқын), жер сілкіну.
3. Қас - қағым сәт блиц турнир (әр топқа 10 сұрақ)
1) Толық бұрыштың шамасы (360гр)
2) Тәуліктің 1\24 бөлігі (сағат)
3) 256 - ның квадрат түбірі (16)
4) Төрт бүтін санның (әр түрлі болуы шарт емес) қосындысы және көбейтіндісі 8 - ге тең. ол қандай сандар? (1, 1, 2, 4)
5) жазыңқы бұрыштың шамасы (180 гр)
6) ОХ осі қалай аталады?(абсцисса)
7) х - тің туындысы (1)
8. Санның бір дәрежесі неге тең (санның өзіне тең)
9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180)
10. Вертикаль бұрыштар қандай болады.(тең)
11. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
12. Катет қандай үшбұрышта болады.(тік бұрышты)
13. Жай санның неше бөлгіші бар (2)
14. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді.(1)
15. Екі ғасырда неше жыл бар. (200)
16. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
17. Тригонометрия элементтерін ата (кос. син. танг. котангенс)
18. Кез - келген екі нүкте арқылы не жүргізуге болады.(түзу)
19. Қосу амалының белгісі. (+)
20. R - не (радиус)
21. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі)
22. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады.(тік бұрышты)
23. Пифагор теоремасы
24. Тік бұрышты үшбұрыш. Қай ғалыммен байланысты.(Пифагор)
25. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
26. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем.(теорема)
Қызықты есептер.
Әр топқа 5 есептен беріледі.
1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге. (100)
2. 1 тонна темір ауыр ма, 1000 кг мақта ауыр ма? (тең)
3. Сандар қатарындағы келесі санды тап?
20, 21, 23, 24, 26,... (29)
4. Спутник жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат
неше минутта айналып өтті. (1 сағат. 43 минут)
5. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км\сағ)
6. Бес адам кездесіп қалып бір - бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу қанша? (10)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі. ( барлық айда)
9. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандарының қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе?
(көбейтіндісі)
10. Ең кіші үш таңбалы сан. (100)
Ал балалар, балалар
Мақал - мәтел айтайық
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік,- дей келе
Сандар сыр шертеді жүктеу