Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру

Скачать

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектеп
Математика - информатика пәні мұғалімі
Уашев Мырзағали

Математика 5 сынып
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Білімділік: деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату - тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу;
оқушыларды түгендеу;
сынып тазалығына көңіл бөлу;
оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру
№1146 есепті ауызша түрде тексеру
1) Ондық бөлшектерді қосу ережесі
2) Ондық бөлшектерді көбейту ережесі
3) Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, т. с. с көбейту ережесі.
4) Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін не істеу керек?
5) Ондық бөлшекті 10, 100, 1000,... бөлу ережесін тұжырымда.
6) Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін не істеу

Ондық бөлшектерді бөлу

Ондық бөлшекті ондықбөлшекке
Ондық бөлшекті натурал санға
Натурал санды ондық бөлшекке
10, 100, 1000,...,
0, 1; 0, 01; 0, 001;...,
Ондық бөлшектер әлеміне саяхат

Ондық бөлшектер натурал сандарға ұқсас және есептеулер жүргізуге ыңғайлы болғандықтан, ғылымдағы, өндірістегі, күнделікті өмірдегі есептеулерде жиі пайдаланылады. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану туралы алғаш рет Ортаазиялық ғалым әл - Каши өзінің “Арифметика кілті” (1427ж) атты кітабында жазды. Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды Шотландия математигі Дж. Непер (1550 - 1617) және Неміс аспан әлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 - 1630) енгізген.
Ресейде Л. Магницкий 1703 ж басылып шыққан өзінің “Арифметика” оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндады.


Скачать


zharar.kz