Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары (слайд)
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларға темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері туралы толық түсінік беру, қосылыстары туралы білімді тереңдетіп бекіту.
• Дамытушылық: Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру. Тұлғаның танымдық қабілеттерін, яғни ынтасын, ойлауын арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту.
• Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі, сызбанұсқа, реактивтер
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақты түсіндіру
Адам ағзасында 4г темір бар, оның 65 % қанда болады. Адам ағзасында тәулігіне 6г темір синтезделеді. Сүтқоректілердің қанында 32 % темір бар. Темір өсімдіктер, жануарлар және адам ағзасында болады. Ол негізінен оттекті тасымалдауға, организмде электронның орын алмасуына көмектеседі. Егер ағзада темірдің мөлшері жетіспесе, қан азаяды.
Қан аздық ауруына құрамында темірі мол алма, көптеген жеміс - жидектер жеп, нәруызға бай сүт, айран, құрт жеу керек, темір тұздарын ешкі сүтін пайдалану керек.
Көкбауырда құрамында 24% темір бар ферритин деп аталатын зат болады, сондықтан оны жеу пайдалы.
Кофені тым көп ішпеу қажет. Себебі ол темір иондарының сіңірілуін 40 % азайтады.