Ашық сабақ. 10
Сабақтың тақырыбы:§ 4. 6. Менделеев – Клайперон теңдеуі. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Б) Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу – газ күйінің теңдеуі туралы түсінік беру. Изопроцестер және олардың графиктері.
Т) Оқушылардың белсенділігін арттыру, алған білімдерін есеп шығаруда дұрыс қолдануға тәрбиелеу.
Д) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын қалыптастыру.
Есеп шығару.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, көрнекілік арқылы түсіндіру
Көрнекілігі: плакат, компьютер, слайдтар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Танымдық тапсырмалар.
Сұрақтар.
1. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс дегеніміз...
2. Температура Термометрлердің түрлері.
3. МКТ – ның негізгі теңдеулері.
4. Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы қандай?
5. Авогадро заңын тұжырымдаңдар.
Есептер.
1. Массасы 6 кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар?
2. Азоттың 200 молінің массасы қандай?
3. Тығыздығы 1, 35•10 - 3г см3, қысымы 11• 104 Па болса, газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы нешеге тең?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Газдың қандай күйде тұрғанын білу үшін оның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады.
Бізге p = nkT белгілі.