Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Қазақстан Республикасының білім беру саласы саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірімізге жаңа тыныс беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге жас
ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа бағыттар ашты.
Гуманитарландыруды кейбіреулер физика – математика пәндерінің есебінен гуманитарлық пәндердің ара салмағын арттыру деп түсінсе, енді біреулер жаратылыстану пәндері мазмұнындағы гуманитарлық потенциалдарды ашып пайдалану деп түсінеді. Жаратылыстану ғылымдарының зерттейтін объектілері өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар, тек әр ғылым өзіне тиісті саласын ғана қарастырады. Олай болса, ол ғылымдар арасында сөзсіз өзара байланыс болуы тиіс. Өз тәжірибемде оқушылардың физикалық білімге деген ынта – ықыласын арттыру мақсатында физикалық құбылыстарды әдебиетпен байланыстыра отырып түсіндіру. Физика – табиғатты зерттейтін ғылым, ол табиғаттағы құбылыстардың пайда болу себебін түсіндіреді, ал әдебиет сол пайда болған құбылыстарды әсерлеп, суретпен жеткізеді.
Сабақтың тақырыбы: Физика және лирика
Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен ең қажеттісін таңдап алыңыздар. (Н. И. Пирогов)
Сабақтың мақсаты: а) білімділі: табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру
ә) тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
б) дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген (әдебиет және физика пәні) қайталау толықтыру сабағы.
Сабақтың әдісі. Жеке және топтық оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығын тексеру
ІІ. Ой - қозғау: Экраннан табиғат құбылыстарының суреттер көрсету
Бүгін біз табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен
лирика деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан - дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші. Лириканың 4 түрі бар.
1. Философиялық
2. Саяси
3. Махаббат
4. Табиғат.
ІІІ. Мағынаны тану: Абай өлеңдерінде физикалық құбылыстардың қалай жырланатынына тоқталайық.
Мысалы: Абайдың
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан" (экранда көрсетіледі). Осы тұста оқушылардан бұлттың қалай түзілетінін, олардың негізгі топтарын сұрап, жауап алу. Одан әрі ақынның неге қазбауыр не шарбы немесе ақша бұлтты алмай, аспанды жаппай торлап 4 - 5 км - ге дейінгі биіктікте болатын тұнжұрт бұлт, сұр бұлтты, күздің айнымас серігі тұманды - дымқыл тұман - деп алуы күздің басқа жыл мезгілінен айырмашылығын айқын таныту үшін осындай ғылыми керемет сөзді қолдана білген. Оны әдебиетте"эпитет"- деп атайды
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп...(Абай Қ)
Жарықтың толық шағылуы".
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім... (Абай Қ)
"Жарықтың дисперсиясы"
Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут шерікте жере барып.
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп - тегіс мөлдір болса,
Көлеңке орнығады қайда барып? Ш. Құдайбердіұлының Тау басындағы ой
"Жарықтың сыну заңы", жарық жылдамдығы
Ой - тұжырымдау: 1. үй тапсырмасын тексеру
2. есептер шығару
№36. Бақырып Таня жылады,
Добы суға құлады.
Қоя ғой, Таняш, жоқ қайғы:
Өзенге добың батпайды. А. Л. Барто. Доп
Жауабы: 36 Салыстырмалы қозғалыс. Сумен салыстырғанда тербелмелі. Танямен салыстырғанда тербелмелі және бірқалыпты. Архимед күші.
№40. Қайсысы ұшқанда қанатын жиі қағады: шыбын ба, ара ма немесе маса ма?
Жауабы: 40. Оны жәндіктердің шығаратын дыбыстарына қарап анықтауға болады, Маса қанатын тезірек, ал ара одан жай қағады.
№175. Саяхатшылар лезде керемет көкнәр алаңына келді. Көкнәрдің иісі адамды ұйықтатады. Бірақ Элли оны білмейтін. Сондықтан маужырататын хош иісті аңсап жұта берді..... сөйтіп, қабағы кіртиіп, ұйықтағысы келді . ( А. М. Волков Изумруд қаласының сиқыршысы )* Иіс неге ауаға таралады?
Жауабы: 175. Иістің таралуы ауа толқынының қозғалысымен және диффузиямен түсіндіріледі.
№420. Ылғалға тиген сіріңкенің жанбайтын себебі неде?
Жауабы: 420. дымқыл сіріңкедегі суды шығару үшін үлкен энергия жұмсалады. Шырпының басын шырпы қабының қабырғасына бірнеше қайтара жонып, біраз үйкеуге тура келеді. Сондықтан сіріңке тұтану температурасына дейін жылынбайды.
ІҮ Білгенге маржан: Мақал - мәтелдер
1. Терек қисайған жағына жығылады
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады
(Жылулық қозғалыс, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері)
2. а) Тонның жылуы — терісінен емес, жүнінен.
б) Астарлы шапан тоңдырмас, үш өрім жіп үзілмес.
в) Көсеу ұзын болса, қол күймейді
(жылу өткізгіштік).
4. Нан піскенше, күлше күйеді
(меншікті жылу сыйымдылығы).
5. а) Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
б) Теректің жануында мін жоқ, бірақ жылуында мән жоқ,
в) Азықсыз адам алысқа бармайды
(отын энергиясы, энергияның сақталу заңы).
Ү Ой - түрткі: Табиғат шебер суретші.
1. сурет салу
2. Бес жол өлең
3. РАФТ
ҮІ Ой - қорыту:
Шығу парағын толтыру
- Бүгінгі сабақтан не білдің
- Пікіріңіз
- Кімге рахмет айтамыз?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Эссе жазу.