Ана тілімізді құрметтеу, шексіз сүйе білу

Скачать

Тақырыбы: М. Жұмабаев. Қазақ тілі
Мақсаты:
а) білімділік - Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру;
ә) дамытушылық - Ойлау дағдыларын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, көркем әңгімелей білуге баулу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту;
б) тәрбиелік - Дара, дана тұлға қалыптастыру. Отанын, елін сүйе білуге, тілді құрметтеп бағалауға, ұлыдан үлгі алуға шақыру, елінің патриоты болуға тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ізденіс, талдау, баяндау, т. б.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек - сызбалар, слайд түрлері, интерактивті
тақта, Жалынмын мен, келме жақын,- жанарсың...
бұрыш көрмесі.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, сурет, қазақ тілі, т. б.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылардың сабаққа қатысы.
Үй тапсырмасын тексеру.
(С. Торайғыров. Шығамын тірі болсам, адам болып)
- Ақын өлеңді кімге арнаған?
- Өлең не туралы айтылған? т. б. сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ: М. Жұмабаев. Қазақ тілі
І. Оқушы деңгейі. Ой шақыру.
а) Жаңа сабақты меңгерту.
1. Мағжанның өмірі мен шығармашылығы.

1 - слайд
1893 - 1938жж. Солтүстік Қазақстан обл. Булаев ауд. туған.
Ақын – аудармашы
Ұстаз – ғалым
Қоғам қайраткері
Өлеңдері: Мен кім , Сүйемін , Қазақ тілі , т. б.
Поэмалары: Жүсіпхан , Қорқыт , Батыр Баян ,
Тоқсанның тобы
Ақын бұл Қазақ тілі өлеңін 1913 жылы 20 жасында жазды.
(Өлеңді толық мәнерлеп жатқа оқу. Мазмұнын түсіндіру.)

ІІ. Алгоритмдік саты
ә) Оқулықпен жұмыс:
1. Өлеңді мәнерлеп оқуға кезек берейік.
2. Еркін ой . Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.
(Жаңа сабақ бойынша төмендегі топтастыру кестесін пайдалана отырып қазақ тілі туралы ой толғау.)
2 - слайд
3. Түсініктеме күнделігі. (Сөздікпен жұмыс)
3 - слайд
Ерікке ұмтылған – тәуелсіздікке
Ұшқыр жаны кісенде – қазақ тілі тәуелді
Қос қанат – көне, баба тіл
Нұрлы жұлдыз – жарық сәуле
Кен – жер асты байлығы
Кен тілім – бай тілім

4. Кім көп біледі? Қазақ тілі – бабам тілі, ғажап тіл
(Тіл туралы мақал – мәтелдер мен дәйексөздер айту, көркемсөздер оқу)

5. Талдау – табыс кілті.
Тақырыбы: Қазақ тілі Идеясы: Тіл құдіретін ұғындыру
Жанр түрі: поэзия - өлең
Шумақ: 4 Тармақ: 16 Бунақ: 3 Буын саны: 11 - 13
Ұйқас: а, а, б, а қара өлең ұйқасы
Әдеби - теориялық ұғым: теңеу, эпитет, түсіндірме сөздік, т. б. табу
Өлеңнің негізгі түйіні: Ана тілімізді құрметтеу, шексіз сүйе білу.

ІІІ. Эвристикалық саты
1. Сурет арқылы ой қозғау.
Тақтаға Кеше. Бүгін. Ертең атты сөздерге қатысты түрлі көлемдегі теректің суреті ілінеді.
КЕШЕ - кешегі тіл тағдыры, тарих туралы
БҮГІН - бүгінгі тіл жайы, тіл мәселесі
ЕРТЕҢ - ертеңгі болашақ көзімен
әр оқушы осы суретке қарап отырып үш бөлімде өз ойларын ортаға салады.

2. Сұрақ – бізден, жауап – сізден. Интерактивті тақтамен жұмыс.

4 - слайд. Төмендегі мына сұрақтарға жауап іздеп, сөйлем құрайық.
Бүгінгі сабақтың басты сөйлемін анықтайық.
1. Кім? ------------------ АҚЫН ------------------------------------------------- Бастауыш
2. Қандай? ------------ ӨР, ДАРЫНДЫ -------------------------------------- Анықтауыш
3. Не туралы? -------- ТІЛ ТУРАЛЫ ------------------------------------------ Пысықтауыш
4. Не істейді? -------- ТОЛҒАНАДЫ, ТЕБІРЕНЕДІ, ЖЫРЛАЙДЫ ------ Баяндауыш

ІV. Шығармашылық саты

1. Шығармашылық жұмыс. Ана тіліне деген ойларыңызды өздеріңізге
ұнайтын суреттер мен сөздер арқылы жеткізіңдер.

1. Ана тілі – аспандағы жұлдыздай әрқашан мәртебең биік болсын!
2. Аяулы тілім – көктегі күндей жарқыра!
3. Ана тілім – жүрек үні!
(Әр оқушы осылай өз пікірлерін суреттеп беру қажет.)

3. Кім жылдам? Жұмбақтар.

1. От емес, өртейді, мұз емес, тоңдырады. (Сөз)
2. Көзге көрінбейді, бірақ сезінесің.
Жақсы айтса, майдай еріп,
Жаман айтса, безінесің. (Тіл)
3. Жұбататын да, жылататын да не? (Сөз)
4. Бірінші сөз – құс аты
Екіншісі – бояу түсі
Екеуін біріктіріп оқысаңыз,
Оңынан да, солынан да
Ұлт болып шығады. (Қаз - ақ)

4. Кім тапқыр?
Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы жасырынған сөздерді табу керек.
Жасырынған сөз: Мағжан – қазақ халқының ұлы ақыны

1. Мағжанның туған жері мен туған жылын айтыңыз.
2. Ақынның ата - анасының есімі мен сүйікті жары кім?
3. Ақын поэмалары, өлеңдері қалай аталады?
4. Мағжан Қазақ тілі өлеңін неше жасында, қай жылы жазды?
5. Мағжан кім?

Сабақтың аяқталу барысы:
1. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
Мағжан туралы деректер жинақтау.
2. Бағалау.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қаракөл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сарбасова Мәншүк Қожекенқызы



Скачать


zharar.kz