Сабақтың тақырыбы: Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Мақсаты: ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың Ормандағы оқиға ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Міндеттері:
- ертегідегі кейіпкерлердің көңіл күйлерін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтандыру;
- оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
- өзіндік пікір қалыптастыру арқылы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойлар жинақтауға үйрету;
- қоршаған ортаның байлықтарын аялай білуге, сұлулығын сезіне білуге, жағымды – жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіруге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқи отырып, кейіпкерлерінің бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді анықтайды.
Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа дағдыланады, өздерінің жұмыстарын бағалай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ
Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі
Ресурстары: интербелсенді тақта, жемістер мен орман ағаштардың суреттері, бейнефильмдер, плакат, фломастер, ертегі кейіпкерлері (қарлығаш пен дәуіт)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу
Ә) Топқа бөліну
Топ ережесін құру;
Топ құрамын сайлау;
Бағалау парақшаларын тарату.
Оқушылармен амандасу.
- Қоршаған орта дегенде ойымызға не келеді?
- Ауамыз таза, денсаулығымыздың мықты болуына нелер ісер етеді?
- Қажеттіліктерін сұрау
- Түрлерін сұрау
ІІ. Өткен материалға шолу
Сұрақ - жауап
Қағаз қиындыларында жасырынған сұрақтарды қою.
1. Өлеңде қарлығаштың өмірі‚ үй салуы‚ балапан басуы қалай суреттелген?
2. Қарлығаш ұясын неліктен адам жүрген жерге салады?
3. Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?
4. Қарлығаштар туралы қандай мультфильм көрдің? Қандай ертегілер білесің?
5. Сен тұрған жерде қандай құстар бар?
6. Өлеңде әңгімеленген жәндіктер мен шыбын - шіркей‚ құрт - құмырсқаларды ата.
- Сонымен өткен тақырыбымыз не туралы болды?
- Қарлығаш ұясын қалай салады‚ көргендерің бар ма?
- Ойымызға не түйдік?
Жекелей қатысқан оқушыларды бағалап отырамын
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Оқушылар назарына бейнефильм ұсынамын
Суреттер арқылы тақырыпты шығару
- Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қайнекей Жармағамбетовтың Ормандағы оқиға ертегісі.
Аталған кейіпкерлердің қайсысы қандай қасиеттерге ие деп ойлайсыңдар?
(Мәтін мазмұнына байланысты болжам жасату).
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға жүктеу