Тақырыбы: Мейірімділік шуағы
Мақсаты: Мейірімділік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:– өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: балапан, аю, екі қонжық, қоян, қыз бала, шар, ағаш - бейнеленген суреттер, Алтын жүректер қаланың картасы, үнтаспа, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар, әр балаға қағаздан қиылған жүректер, әдемі бейнеленген конверт.
Сөздік жұмысы: мейірімділік, достық, сыйластық, Жақсылық жасауда - бақыт №1 слайд
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері.№2 слайд
Балаларды шеңберге жинап:
- қане, балалар, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- балалар, шеңбер неге ұқсайды?
- дұрыс айтасыңдар, шеңбер допқа, күнге, айға, жүзікке т. б. дөңгелек заттарға ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып бір - біріміздің бет - жүзімізді аңық көріп, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтамыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталайық:
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар, сендер мына сөзжұмбақты шешіп көріңдерші. №3 слайд
Жауабы: Алтын жүрек
- Дұрыс айтасыңдар, не себепті осы сөзжұмбақты шешіп отырмыз деп ойлайсыңдар?.№4 слайд
- Бүгін біз Алтын жүректер қаласына мейірімділік жолымен барамыз. Осы қалаға менің сұрағыма жауап бергендер ғана кіре алады. Ал менің сұрағым осындай:
- қандай жүректі біз алтын деп айтамыз?
Балалардың жауаптарын тыңдау (таза, ашық, мейірімді, қамқор, сүюші)
- Алтын жүректі адам деп кімді айта аламыз?
- Сара Алпысқызын №5 слайд
- Не себепті? (Оқушы жауабы)
Тағы басқа қандай жаңалықтар білеміз?
12 ақпан Сара Алпысқызының туған күні.
- Сондықтанда оқушылар Сара Алпысқызының туған күніне арналған әр түрлі плакаттар жасап жібереді екен. Сендер білесіңдер ме біздің мектепте жібергенін. №6 слайд
- Сендердің араларында қай баланы алтын жүректі бала деп айтуға болады? Неліктен олай ойлайтындар? №7 слайд
- Жақсы, менің сұрағымнан сүрінбей өттіңдер.
- Мінеки, біз енді Алтын жүректер қаласына кірдік, өйткені сендерде барлықтарында ашық, мейірімді, жылы, аялы жүректерің бар.№8 слайд
- Сендердің жауаптарын тыңдап, сендерде шынында алтын жүректерін бар екенін көзім жетті.
- қараңдар, балалар конверт ілулі тұр, кімнен екенін оқып жіберейін. Бұл хат қайдан келді деп ойлайсыңдар? Таба алмадыңдар. Ол хат Махаббат перизатынан екен. (конверттің ішінде сақина және хат ойын шартымен)