Сыныбы: 4
Ана тілі
Тақырыбы: Э.Распе Китпен кездесу
Мақсаты:
а)Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты енгізу;
ә) Мюнхаузеннің басынан өткен хикаяларымен таныса отырып, балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту;
б) өз пікірін айтуға төселдіру, мойымауға, қиындықтан жол таба білуге баулу.
Түрі: Аралас
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Ой қозғау, топтастыру, түртіп алу, болжау кестесі, әңгіме кестесі
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта
Пәнаралық байланыс: Жануартану, география, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
а) амандасу;
ә) тексеру;
б) назарын сабаққа аудару.
ІІ Қызығушылықты ояту.
1.Ой қозғау.
– Балалар, өткен сабағымызда қай елдің жазушысымен таныстық?
- Оның қандай шығармасы бар?
- Өткен сабағымызда Мюнхаузеннің қандай хикаясымен танысып едік?
Әңгімеші
Өтірікші
Неміс
Данышпан
Саяхатшы
Өтірігімен
Әзілқойлығымен
Кит пен кездесті
түйісті
қашты
ақыл тапты
Тапқырлығымен
Құтқарды
Қызықты оқиғаларымен
ІІ Мағынаны тану.
3. Болжау кестесі.
Ары қарай не болады деп ойлайсыз? Оған қандай дәлелің бар? Шын мәнінде не болды?
- Ол қандай қырсыққа тап болды деп ойлайсыз?
- Олар соқтыққан тас емес, сонда не?
- Киттен қалай құтылады деп. ойлайсыз?
- Үлкен китті кемеге қалай тиейді?
- Ол қандай ақыл тапты?
4. Түртіп алу.
Кит -
Мачта -
Зәкір -
Матрос -
Каюта-
IV Толғаныс.
1.Категориялы топтастыру. (Бастапқы топтастыру әдісіне қайта оралып, бүгінгі танысқан хикая бойынша кейіпкер әрекетіне баға береміз)
Кит
↓
Су жануары
Алып
Зияны жоқ
Түрлері көп
Досымыз
(Балалармен біріге отырып, кит сөзіне топтастырамыз)
- Балалар, бұл хикаялар шындыққа жанаса ма?
- Біздің әдебиетімізде өтірікке құрылған әңгіме - өлеңдер кездесе ме?
- Кім қандай өтірік өлең біледі?
- Балалар, өмірде өтірік айтатын адамдар кездесе ме?
- Мюнхаузен турасында қай ел фильм түсірген еді?
- Басты рөлді сомдаған қай актёр?
5. Әңгіме кестесі.
Хикаяның аты
Авторы
Оқиға орны
Кейіпкерлері
Қорытынды
V Үй тапсырмасы. Оқып түсінгенін айту және ойдан өтірік әңгіме-өлең құрастыру.
VI Бағалау.