Интегралдық микросхема

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Резеңкелер. Табиғи және синтетикалық каучуктар Түзеткіштер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға резеңкелер мен каучуктарды таныстыру және олардың түрлерімен, олардың алыну процестері, қасиеттері жайлы мәлімет беріп және олармен жұмыс істеу жайлы толық түсіндіру.
Дамытушылық: Әрбір оқушының жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуына мүмкіндік туғызу. Оқушының өзіндік іс - әрекетін, белсенділік қабілетін, білім қорын дамыту.
Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, білімділікке, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасай білуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Теориялық
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: Викторина, баяндау, сұрақ - жауап, Бинго - тест , Кім тапқыр? ойындары, Білемін, білдім, білгім келеді әдісі
Пән аралық байланыс: Материалтану , Физика
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, схемалар, плакаттар, слайд, резеіке түрлері, карточкалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Бағалар аукционы Тақырыбы: Интегралды микросхемалар Алғашқы баға 5 , 4

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Бинго - тест ойыны
1. Бір технологиялық процеспен жасалып шыққан, өзара электрлік қосылысы бар, жалпыға ортақ корпусқа салынған біртұтас бөлінбейтін активті және пассивтік элементтерден құралған микроэлектрондық бұйым не деп аталады?
Жауабы: Интегралдық микросхема
2. Интегралдық микросхеманың негізгі элементтері қалай бөлінеді?
Жауабы: Активті және пассивті
3. Конструктивті - технологиялық белгілері бойынша интегралдық микросхемалар қанша классқа бөлінеді?
Жауабы: 4 классқа бөлінеді
4. Барлық элементтер шала өткізгіш технологиялық операция процесінде ортақ шала өткізгіш астарлық қабаттың үстінде жасалынатын микросхема класы
Жауабы: Шала өткізгіштік микросхема
5. Барлық элементтер диэлектриктен жасалған табанның үстіне жұқа қабыршақ болып жапсырылатын микросхема классы
Жауабы: Пленкалық интегралдық микросхема
6. Интегралды микросхеманың активті элементтеріне жататындар:
Жауабы: Транзисторлар мен диодтар
7. Интегралды микросхеманың пассивтік элементтеріне жататындар
Жауабы: Резисторлар мен конденсаторлар
8. ГОСТ 17021 - 75 бойынша 1 микросхеманың корпусының ішіндегі элементтердің санына байланысты неше дәрежелі интеграция бар?
Жауабы: 6 дәрежелі
9. 100 - ден артық элементтері бар интегралдық микросхемаларды не деп атайды?
Жауабы: Үлкен интегралды микросхемалар
10. Шала өткізгіштік микросхеманың элементтерін қалыптастыру үшін неше технологиялық процестерді қолданады?
Жауабы: 5 технологиялық процесс
11. Шала өткізгіштік интегралдық микросхемаларды өндіруде, диэлектрлік қорғайтын және маскалайтын қасиеттері бар кремнийдің қос тотығы маңызды роль атқаратын технологиялық процесс
Жауабы: Кремнийді тотықтандыру
12. Микросхемада элементтердің берілген орналасу реті мен конфигурациясын сақтап жасау үшін қандай әдіс қолданылады?
Жауабы: Фотолитография
13. Кристалдың торының құрылысын, астарлық қабаттың құрылысын қайталайтын шала өткізгіш жұқа қабаттың бағдарлап жалғаса өсу құбылысы қалай аталады?
Жауабы: Эпитаксия
14. Микросхемалардың планарлық структурасында схемааралық қосылыстар қос тотықты кремнийдің изоляциялық қабатының үстіне салынған металл пленкалар арқылы жасалатын технологиялық процесс
Жауабы: Металлизация
15. Интегралдық микросхемалардың шартты белгісі неше элементтен тұрады?
Жауабы: 4
16. Егерде 1. 5. 7 цифрлары болса, онда бұл қандай технологиямен жасалған?
Жауабы: Шала өткізгіштік
17. Егер 2, 4, 6, 8 цифрлары болса, онда бұл қандай технологиямен жасалған?
Жауабы: Гибридтік технология
18. Интегралды микросхемадағы бірінші элемент нені білдіреді?
Жауабы: Микросхеманың конструктивтік, технологиялық жасалу түрін көрсетеді.
19. Интегралды микросхемадағы екінші элемент нені білдіреді?
Жауабы: Микросхеманың сериясының жобалап жасау реттілігін корсетеді.
20. Интегралды микросхемадағы үшінші элемент нені білдіреді?
Жауабы: Микросхеманың функционалдық тағайындалуын көрсететін екі әріптен тұрады.

IV. Жаңа материалдарды хабарлау:
Резеңке деп табиғи немесе синтетикалық каучукті түрлі ингредиенттермен (қоспалар) қосып, вулканзизациялау кезінде алынатын жоғары молекулалы қосылыстарды айтады. Бір түрлі жоғары молекулалы қосылыстар негізінде түрлі физико - химиялық қасиеттерге ие резеңке алуға болады, бірақ мындадай көрсеткіштер, биологиялық инерттілік және қанның ұюына көрнекті әсерінің жоқтығы, негізінен қолданылатын бастапқы полимердің қасиеттерімен анықталады. Медициналық мақсатта қолданылатын резеңкелердің айырықша ерекшеліктері оларды регенераторлардан - резеңкені екінші рет өңдеуден өткен өнімнен дайындауға болмайтындығы.

Каучуктар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Эксперименттік жолмен каучук, негізінен, 2 - метилбутадиен - 1, 3 - тің (изопреннің) полимері (С5Н8) nекені анықталды.

Каучуктың құрылысы
Изопреннің полимерлену реакциясын диендер тақырыбында қарастырдық. Полимерлену барысында молекулалар бір - бірімен 4 - және 1 - көміртек атомдары арқылы өзара сызықты қосылады. Табиғи каучук изопреннің цис - олимері, құрамындағы метилен топтары — СН2 қос байланыстың бір жағын ала орналасады.
Изопреннің құрылым мономері ретті қайталанып отырады. Полимердің осындай құрылымының аркасында оған майыскақтық қасиет тән болады. Каучук макромолекулаларының құрылысы сызықтық болғанымен, түзу созылып жатпай, оратылып бірнеше рет иіліп түйіншектеліп жатады. Каучукты созған кезде, олар жазылып, каучук ұзарады. Ал созуды тоқтатқанда, оратылып түйіншектелген бастапқы қалпына қайта келеді. Егер каучукты қатты созса, оның молекулалары жазылып қана қоймай, үзіліп кетуі де мүмкін.


Скачать


zharar.kz