Жарыс сабақ

Скачать

Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. А. Құнанбаев.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, Абай шығармаларынан көрме.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. Алақан жаттығуы .
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Мақсат қою кезеңі.
1. Сабақтың мақсаты, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Тақтада кесте:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс - көнсеңіз .
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абай ата туралы не білеміз?
Жаңа сабақ. Кестемен жұмыс.
Абай Құнанбаев

1. Операциялық – орындаушылық кезең. (оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру).
2. Жарыс сабақ. Абай ауылына саяхат .
1 - топ: Абай өлеңдері. Табиғат туралы.
2 - топ: Абай қарасөздері.
3 - топ Абай аудармалары.
4 - топ: Абай әндері.
2 - тапсырма. Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңімен жұмыс.
1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту.
3) Сөздік жұмысы.
3 - тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.
Адамның мінез құлықтары
жағымды ------------------------------------- жағымсыз
Ғылым таппай мақтанба ----------------- Сабырсыз, арсыз, еріншек

Кестеге өтілген жаңа сабақтағы Сабырсыз, арсыз, еріншек - деп аталатын өлең мен Ғылым таппай мақтанба өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазу.
5. Түсінгендерін тексеру: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің бағасы шығады. Жауаптарына ауызша баға қояды.
6. Қорыту.
- Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?
- Нені білмей қалдым? – сұрақтарына жауап беру.
7. Үйге тапсырма.
1. Түсініп, мәнерлеп оқу.
2. Бағалау.


Скачать


zharar.kz