Дамытушылық: теориялық білімдерін іс - жүзінде (практика) шығармашылықпен дамыту, макраме тоқу туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Макраме тоқу технологиясы

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: макраме тоқудың әдіс - тәсілдерін, оны өздері істеп көріп, қорытындылауға және жоспарлауға үйрету.
Б) Дамытушылық: теориялық білімдерін іс - жүзінде (практика) шығармашылықпен дамыту, макраме тоқу туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
В) Тәрбиелік: Өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған, ойлау шеңбері кең, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, иллюстративті, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тоқылған дайын бұйымдар, буклет, нұсқау карта, тест - карточка.
Көрнекті құрал - жабдықтар: 1. Шнур, тесьма, тоқыма жіптер, арқан, синтетік шнур т. б. әр түрлі жіптер.
2. жартылай жұмсақ жастықша немесе станок
3. тоқу үшін крючок
4. қайшы, сантимтрлы лента.
Иллюстративтік схема: тоқудың шартты белгілері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут.
2. Өткенді пысықтау – 8 минут.
3. Жаңа сабақ. Сабақтың теориялық бөлімі – 25 минут
4. Түс үйлесімділігі туралы. Бейнелеу пәнінің мұғалімінің түсіндірмесі - 5 минут
5. Макраме құрылымы туралы және өлшемдері. Математика пәні мұғалімінің түсіндірмесі – 5 минут
6. Сарамандық жұмыс.- 30 минут
7. Қорытындылау - 7 минут
8. Бағалау – 2 минут
9. Үйге тапсырма – 3 минут.
10. Жұмыс орнын жинау - 3 минут
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы оқушылар санын түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Өткенді пысықтау. Оқушылар білімін жан – жақты тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Қол өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Макраме туралы не білесіңдер?
3. Тоқыма мен макраменың айырмашылығы неде?
4. Макраменың мағынасы қандай?
Үйге берілген тапсырманы кім бітірді?
3. Жаңа сабақ барысы: Сабақты бастамас бұрын қызығушылықты ояту мақсатында сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Өнер жайлы мақал - мәтел.

Жаңа сабақ: Жазық байлау арқылы шахмат өрнегін тоқу.
1. Макраме өнеріне шолу жасау
2. Макраме туралы аңыз.
3. Жұмысқа дайындық.
4. Құрал жабдықтарды дайындау.
5. Өрнек және түйіндердің тоқылу әдістері
6. Жібін дайындау.
7. Жіп ұзындығын есептеп қырқу.
8. Тоқу.

1. Қазақ халқының қол өнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес Орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді.
Өнер көзі - халықта , халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз.
2. Түйіндеп тоқу өнері мыңдаған жылдар бойы, атадан балаға жалғасып келе жатқан қол өнердің бір түрі. Бұл өнер екі жіпті бір - біріне байлау керек болған кезде пайда болған және ол бірінші түйін болған. Аңшылар аңдардың терілерден және балшық шоптерінен төр тоқыған. Адамзат дамуы жолында бұл өнерге әр түрлі қараған, кезі келгенде тоқуға тыйым салынған.
Христиандарға түйіндеп тоқылған амулетін тағып жүруге рұқсат берілмеген. Ал кей бір халықтар, керісінше, түйіндер пайда келтіруіне сенген, неге дегенде тоқылған және шешілген түйіндер адам тағдырына байланысты деп ойлаған.



Скачать


zharar.kz