Сендерде таласпай бөліп жеңдер

Скачать

Шаттық шеңбері
– Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл - күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық! Бір - бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді,
Жеткізсін жылу мен шаттықты.
Бөліскен жақсы ғой өмірде,
Қуаныш, мейірім, бақытты.

Бейнетаспадан құстардың суреттерін көрсету.
Дидактикалық ойын: Қайсысы қайда мекендейді?
(бейнетаспадан әтештің дауысы естіледі)
- Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
- Ендеше бейнетаспаға назар аударыңдар.
- Дұрыс, әтештің дауысы екен.
- Қанша әтеш көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс екі әтеш
- Ендеше бүгін сендер екі әтеш туралы ертегі айтып берейін.
(Үстел үсті театры арқылы ертегіні айтып беремін)
- Ертегі сендерге ұнады ма?
Суретпен жұмыс:
(Сызба арқылы ретімен айтып шық)

Сергіту сәті:
Шөжелерім әнін орындау арқылы қимылмен билеу
Таңқаларлық сәт:
Екі әтеш төбелескен күйі топқа кіріп келеді
- Ой балалар бізге кімдер келді?
- сендерге не боды?
- Неге таласып жатырсыңдар?
Қораздар: жемге таласып жатырмыз.
- Сендер таласпаңдар, біздің топтың балалары сендерге жемдеріңді теңдей қылып бөліп береді.
- Ал сендер мына жерге отырыңдар
- Балалар, мына ыдыстағы жемді екіге бірдей етіп бөліп берейік ол үшін қызыл әтешті қызыл түсті текшемен, шұбар әтешті көк түсті текшемен белгілеп алайық. Мен қасықпен жемді бөліп беремін, қанша қасық жем салсам сонша текшемен белгілеп отырыңдар. Ал енді текшелерді санап шығыңдар. Қызыл түсті текше қанша болды?
Көк түсті текше ше?
Қайсысында көп?
- Дұрыс екеуінікі бірдей болды, яғни жемді де теңдей екіге бөлдік.
Қораздар: Рақмет сендерге, сендер қандай білгірсіңдер. Біз екеуміз енді төбелеспейтін боламыз. Ал біздің сендерге әкелген сыйлығымыз бар. Сендерде таласпай бөліп жеңдер. Сау болыңдар.
Балалар сендер бүгін қандай ертегі тыңдадыңдар?
Ертегідегі әтештер қандай құстарға жатады?
Әтештер неге таласты?
Жемді нелер жеп кетті?
Осылай таласуға болады ма екен?
Таласқанға таста жоқ.
Сыйлықтар таратылады


Скачать


zharar.kz