Мұғалім оқушы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов Бидай мен Қаңбақ (мысал)
Сілтеме: Орта мерзімдік жоспар, оқулық, суреттер, тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: Мысалды оқи отырып, сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқытуды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойланып негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау, мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу, мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топтық, ұжымдық, өзіндік жұмыс, Ой қозғау , Миға шабуыл , Венн диаграммасы, семантикалық картамен жұмыс
Күтілетін нәтиже:
Ой қозғау арқылы мысалдың тақырыбын ашады, ойды жүйелі жинақтауға үйренеді, өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді, өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі, топтар өзге топтарды тыңдайды.
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:
Сұрақ - жауап алысуда, постер қорғағанда, өзін - өзі, топты бағалау кезінде сауатты, жүйелі сөйлеуге дағдыланады
Негізгі идеялар:
Мақтаншақтық – жаман әдет.

Сабақтың барысы:
. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық:
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар өмірде,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
2. Топқа бөліну

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ұнатам күзді мен өлеңді жатқа айтқызу
2. Оқушылар бір - біріне сұрақ қояды:
- Даланың түсі қандай?
- Алма қалай пісті?
- Аспанды не қаптады?
- Жел қандай?
- Тырнасы қайткен?
3. Мұғалім оқушы:
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңнің ерекшеліктері неде?
- Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлеңнен байқайсыңдар?

ІҮ. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау (Бидай ме қаңбақтың суреттерін көрсету)
- Осы суреттер туралы не білеміз? Не айта аламыз?
- Өте жақсы. Біз бүгінгі өтетін тақырыбымыз Бидай мен Қаңбақ мысалымен танысамыз.
- Бидай мен Қаңбақ мысалдың авторы Асқар Тоқмағамбетов. Ол 1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол белгілі сықақшы ақын.
Мысал - адам бойындағы әр түрлі мінез - қылықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсетеді.
Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әртүрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді.


Скачать


zharar.kz