Қасқыр қайтадан барып есік қағып

Скачать

Сабақ: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Г әрпі және дыбысы
Мақсаты: а) Оқушыларға Жеті лақ ертегісі арқылы Г әрпі және дыбысы туралы түсіндіру. Г - нің баспа және жазба түрін көрсетіп ұғындыру.
ә) Олардың ақыл - ой қабілетін, сөздік қорларын, шығармашылықтарын арттыру. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
б) Оқушыларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қасқырдың үйі, пеш, ағаштар, слайд
Барысы:
- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Г әрпі және дыбысы. Мақсатын айтып кетемін.
- Ал ендеше балалар сабағымызды бастаймыз.

Автор:
- Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде, бір орманда Ешкі және оның лақтары өмір сүріпті. Олар тату тәтті болыпты. Бір күні олардың анасы орманға азық, яғни тамақ алып келуге дайындалып жатып, балаларына былай дейді:
Ешкі:
- Балаларым, шырақтарым есікті жауып алыңдар, ешкімге есікті ашпаңдар, жарай ма?
Автор:
- Балалары есікті жауып алады. Ал, ешкі орманға кетеді. Сол кезде қасқыр ешкінің кеткенін аңдып. Барып есікті қағады.
- Тук, тук, тук
- Кім бұл?
Қасқыр:
- Мен сендердің аналарыңмын, орманнан тамақ алып келдім есікті ашыңдар.
Лақтар:
- Жоқ біздің анамыздың дауысы жіңішке, сен қасқырсың.
Автор:
- Қасқыр енді не істеймін деп ойлап келе жатса алдынан аю шығады.
Қасқыр:
- Аю, аю сенің қолыннан барлығы келеді менің дауысымды жіңішкертіп беріңізші.
- Аю дауысын жіңішкертіп береді. Қасқыр қайтадан барып есік қағып:
- Тук, тук, тук
- Кім бұл?
Қасқыр.
- Мен сендердің аналарыңмын, орманнан тамақ алып келдім есікті ашыңдар.
Автор:
- Балалар қасқырға сеніп есікті ашып қалады.
Қасқыр:
- А, мен сендерді алдадым, мен сендерді енді жеймін.
Автор:
- Сол кезде бір лақ пештің ішіне тығылып қалады. Қасқыр барлық лақты үйіне алып кетеді. Біраздан кейін ешкі үйіне келсе лақтары жоқ. Жылап отырса пештің ішінен бір лақ шығып:
- Апа қасқыр келіп барлық лақтарды алып кетті.
Ешкі:
- Жүр барып қасқырдан лақтарымызды аламыз.
- Қасқырдың үйіне келіп:
Ешкі:
- Қасқыр менің балаларымды қайтар
Қасқыр:
- Жоқ қайтармаймын.
Ешкі:
- Мен бұларсыз өмір сүре алмаймын, қасқыр өтінемін, қайтар.
Қасқыр:
- Жарайды қайтарам бірақ маған сендер көмек көрсетіңдер. Мен мына жерге қандай әріпті қоятынын білмеймін.
- Ал балалар көмектесесіңдер ме? Қасқыр қолыңдағы не? Жұмбақ
- Ендеше балалар жұмбақ шешіп көрейік
Жұмбақ
- Көшеде құдық, Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? Г
- Жарайсыңдар балалар Г дыбысы екен.
- Г дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге?
- Себебі ол созылмайды.
- Оны қандай текшемен белгілейміз?
- Көк
- Дұрыс айтасыңдар. Г - дан басталатын сөздерді атаймыз: Гүл, гитара, газет.
- Ал балалар, Г әрібін қалай жазамыз? Балалар Г әрібінің баспа түрі, ал дәптерге жазғанда былай жазамыз . Ендеше ауада жазып көрейік.
- Дәптермен жұмыс:
- Түзу отырамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Әдемілеп, қаламмен үстінен баса бермейміз.

Қорытынды:
- Ал қасқыр, енді қандай әріпті қоятыныңды білдің бе?
- Қандай сөз шықты?
- ГҮЛ
- Енді ешкіні балаларымен үйіне қайтар.
- Қасқыр:
- Ал балалар сендерге рақмет. Мені кешіріңдер.
Автор:
- Содан кейін олар тату тәтті өмір сүріпті.


Скачать


zharar.kz