Сабақтың тақырыбы: Халық музыкасы және опера
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Өткен тақырыпты қайталау барысында оқушылардық білімін тиянақтау. Евгений Брусиловский шығармашылығы(өмірі, творчествасы, Қыз Жібек операсы) туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылығы: Опера шығарманың мазмұнын эмоциялық сезінуге көркемдік талғамын қалыптастыру. Музыкалық сауаттылығын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Опера жанры құндылықтарын оқушы бойына сіңіре отырып, оны бағалай білуге, құрмет тұту, а тәрбиелеу.
4. Көрнекіліктер: Баян аспабы, слайд - шоу, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, музыка тыңдау, СТО элементі.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, тақтаға назар аударалық.
Жеті саз (жеті дыбысқа берілген сұрақтарға жауап беріп көрелік. Өткен музыкалық сөздер бойынша.)
До – оратория дегеніміз не?
Ре – С. Мұхамеджановтың ораториясын ата, неше бөлімнен тұрады?
Ми – Орнажировка дегеніміз не?
Фа – күйді хорға өңдеген композитор.
Соль – Симфония дегеніміз не?
Ля – Симфониялық поэма дегеніміз не?
Си – Бірінші рет симфониялық поэма жазған композитор.
Енді осы жеті дыбыс бойынша дыбыс жаттығуын жасап жіберейік.
Үйге берілген Отаным Қазақстан , Қазақстан ұландары әнін орындау.
2. Жаңа сабақ. Халық музыкасы және опера.
Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған Қыз Жібек , Қозы Көрпеш - Баян Сұлу сияқты лиро - эпостық жырлар кең таралған. Көптеген жазушылар мен композиторлар бұл жырларды негізге ала отырып, әдеби - музыкалық шығармалар жазған.
Композитор Е. Брусиловский Қыз Жібек жырының негізінде Қыз Жібек операсын жазса, оның либреттасын атақты жазушы Ғ. Мүсірепов жазған.