Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: В. Сухомлинский Нағыз адам
Сабақтың мақсаты: мультфильм арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтауға үйрету; оқушыларға автор туралы мәлімет алуға көмектесу, мәтінмен жұмыс жасауға, өз беттерінше мәтіннің негізгі ойын таба білуге, сыни ойлауға, сұрақтар қоя білуге дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже: • Оқушылар мультфильм арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтай біледі, өз ойларын ортада жеткізе алады, сұрақ қойып, сұраққа нақты жауап бере алады
Түйінді идея Жақсылық жасау - жақсы адамның ісі
Сабақтың кезеңдері:
2. Кіріспе бөлім Ынтымақтастық орта қалыптастыру
Менің көңіл - күйім... әдісі. Оқушылар өздерінің көңіл - күйлерінің қандай екенін ортаға жариялайды. Мысалы: Менің бүгінгі көңіл - күйім жарқыраған күнге тең.
Топқа бөлу
Мақал - мәтел арқылы топқа бөлу.
1 - топ Ақылдылар
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.
2 - топ Мырзалар
Биік төбеге шықсаң көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
3 - топ Мейірімділер
Жақсылық жасасаң, жасыр,
Жақсылық көрсең, асыр.
Алтын ереже құру
Үй тапсырмасын тексеру
Сәлем, бұл мен... Ойлан, тап! бағдарламасы арқылы үй тапсырмасын қорыту
II. Тұсаукесер
1 - минут - Балалар, Ойлан, тап! бағдарламасын әрі қарай жалғастырамыз. Бұл бағдарламаны әрі қарай тамашалайық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!
Миға шабуыл Алтын қарбыз мультфильмін көрсету
Оқушыларға мультфильмді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Блум таксономиясы Анықтауыш сұрақтар
- Балалар бұл мультфильмнен нені көрдіңіздер? Неге
- Не себептен бүркіт жақсылық жасады?
- Жігіт барлық алтынды неге таратты? Ол қандай адам деп ойлайсыңдар?
- Осы мультфильмге қандай мақал айтуға болады?
- Бүгінгі сабаққа осы мультфильмнің қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
- Балалар, мына мультфильмдегі адамды Нағыз адам деуге бола ма екен?
Нағыз адам
↓
Мейірімді, қайырымды, жақсылық жасайды
- Балалар, мына мультфильмдегі адамды Нағыз адам деуге бола ма екен?
III. Негізгі бөлім
10 - минут
25 - минут - Балалар, сендер қазір Ойлан, тап! бағдарламасының 3 - ші бөлімін тамашалайсыңдар. Бұл бөлімде оқулықпен жұмыс жасаймыз.
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Ол Палтава педагогикалық институтын 1936 жылы бітіріп, орта мектептерде мұғалім болған. Сухомлинский – педагог. Оның Ұлыма хат , Ата - аналар педагогикасы т. б. шығармалары бар.
Нағыз адам
Аптап. Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Жолаушылар мен әрі - бері өткен кісілер құдыққа бұрылып су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.
Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп. шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады.
Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.
- Бұл не қылған адам?- деп сұрады немересі атасынан.
- Бұл адам емес, - деді атасы.
Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.
- Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.
- Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы.
Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып. арқанға байлады Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.
- Бұл қандай адам? - деп сұрады немересі.
- Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы. В. Сухомлинский
Біздер бүгінгі сабақта Нағыз адам тақырыбында жазылған әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің авторы – В. Сухомлинский
1 - топқа сұрақ
- Не себептен атасы 1 - ші келген кісіні Бұл адам емес деді?
2 - топқа:
- Атасы неліктен тағы да келесі адамды Бұны да әлі адам деуге болмайды деп жауап берді?
3 - топқа:
- Атасы құдық басына келген соңғы адамды неліктен Нағыз адам деп санады?
(Оқушылардың пікірін, болжамын тыңдау)
- Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті?
- Екінші келген адам неліктен шелегін тастамай кетті?
- Үшінші адам неліктен шелегін тастап кетті?
Сергіту сәті
Буги - буги биі арқылы сергіту
1 - топ. Рөлмен сомдау
2 - топ Венн сызбасы
3 - топ РАФТ әдісі
Р - роль - Бала
А - аудитория - құдықтан су алған кісі
Ф - форма - алғыс хат
Т - тақырып - сіз нағыз адамсыз
Қорытынды 1 - минут
Еркін жазу Мен нағыз адаммын эссе жазу
Қамқорлық жасауды үйрен!
Шамаң келсе көмектес!
Болған уақиға
Нағыз адамның бірі туралы – балалар тағы бір қосымша әңгіме айтып берейін. Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның анасы Бегім жылда бір тайыншаны өзі бағып, қыстай жем - шөбін беріп, астын тазалап семіртеді екен. Күзде қалаға кетіп бара жатқан қалашыларға қосып жіберіп, тайыншаны саттырып ақшасына мата алдырып, ауылдағы жоқ - жітік, кедей, жетім балалрға өз қолымен көйлектер, киімдер тігіп таратады екен.
В. Сухомлинский Нағыз адам. жүктеу