Ешкі төлі лақ

Скачать

Тақырыбы: Халқымыздың төрт түлігі (слайд)

Төрт түлік туралы
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас - ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат - жұратымен жасайтын алыс - берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін - бірі танысын - танымасын, кездесе қалған қазақ мал - жан аман ба? деп амандық - саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып - күтудің де жай - жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Мал атасы
Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі - Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Сиыр иесі – Зеңгібаба.

Төлді қалай шақырады?
Қойдың төлі қошақан: Пұшайт, пұшайт!
Ешкі төлі лақ: Шөре, шөре!
Жылқы төлі құлын: Құрау, құрау!
Сиыр төлі бұзау: Аухау, аухау!
Түйе төлі бота: Көс, көс


Скачать


zharar.kz