Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріБайлық - ай, сенің ызаң өтті - ау маған, Не қылдым өшігерлік, жаным, саған

Скачать

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Байлық - ай, сенің ызаң өтті - ау маған,
Не қылдым өшігерлік, жаным, саған?
Мені көрсең жирендің, теріс қарап,
Әкеңнің менде құны бардан жаман.

Әлі жаспын, не қылдым өшігетін?
Ойың жоқ мені есіркеп, өсіретін.
Кедейлікті жіберіп аяқ, қолды
Байлаттың ерік бермей көсілетін.

Сен келсең бар қиыным шешілетін,
Сен жоқта аяқ - қолым көсілетін.
Сенің досың байлардай болып, менде
Күн бар ма көңіл өсіп, есіретін.

Келмесең зарлайтұғын менде хал жоқ,
Баяғы бір қу кедей қолда мал жоқ.
Өмір бойы бейнеттен арылмаған,
Тұрмыстың көк шолағы, жалда - жал жоқ,

Бәрібір сонда - дағы өмір сүрем,
Қалқақтап көп ішінде мен де жүрем.
Артықтығы: тамақ мол, киімі бар,
Бай көрген дүниені мен де көрем.

Ол маған ұстауға емес, көруге бар,
Байлар үшін жаралған қазына мал.
Адам ұлын алалап, бірдей қылмай,
Нағыз жауыз — байлық сен, пейілі тар.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке


Скачать


zharar.kz