Хат туралы түсінік

Скачать

Пәні: қазақ тілі Сынып: 10
Сабақтың атауы Мекемеге қатысты іс - қағаздар
Жалпы мақсаты Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Оқу нәтижелері Кеңсе қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің тарихын саралайды. іс жүргізу терминдері мен ресми іс - қағаздары стилін меңгеру арқылы білікті маман болуға талпынып, кәсіпке бейімделеді.
Түйінді идеялар Оқушылар сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиеленеді
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Тапсырмалар - Ұйымдастыру;
- үй тапсырмасын пысықтау
- жаңа сабақты меңгерту;
- қызығушылықты ояту:
- мағынаны таныту:
- ой толғаныс;
- сабақты қорытындылау;
- критерийлер бойынша бағалайды;
- үйге тапсырма беру.

- шағын топқа бөліну;
- сұрақ - жауап;
- топтық әңгіме;
- жаңа ұғымдармен танысады, ереже шығарады;
- ұқсастықтары табылады
- салыстырады;
- ұқсастықтарын ажыратады;
- өз құрбыларының жақсы істерін жарнамалайды;
- шығармашылық жұмыс;
- бір - бірін, өзін - өзі бағалайды;
- үйге тапсырма алады.
- рефлексия
Әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, диалогтік әдіс, жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақ бойынша жазбалар: сабақ барысы мұғалім мен оқушы немен айналысады?
8. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпты шағын топқа бөліп отырғызу. Ұшақ, кептер, поезд
Бағалау кретерийін түсіндіру. Өз бағасы, досының бағасы, мұғалім бағасы, қорытынды
Үй тапсырмасын сұрау: Хат туралы түсінік. Түрлеріне байланысты хат жазып келу.
Топтар бір - біріне ашық - жабық сұрақ қояды. Мысалы:
ашық жабық
Хат қандай мақсатта жазылады? Ұсыныс хат пен сұраныс хаттың арасында айырмашылық бар ма?
Әдеби хат қандай хат? Хаттың маңыздылығы бар ма?
Проблемалық сұрақ: - Қазір хаттың қандай түрлері көп қолданылады? АКТ, электронды почта, sms хат туралы оқушы пікірлері тыңдалады.
9. Өткен сабақты қорыту: Хаттың пайда болғанына 480 жыл болыпты. Эпистолярлық жанр
10. Актуалдау: - Хат қандай іс - қағазы?
- Іс – қағаздар стилінің түрлері нешеге бөлінеді?

Оқушылар қажетті сөздерді топтастырады: өмірбаян, хабарландыру, арыз, түсініктеме, бұйрық, анықтама, күнделік, жеделхат, мәжілісхат, т. б.
11. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?
12. Мағынаны таныту. Түсінік береді.
Терминдер Балама аударма Көп мағына
Виза - Мекен - жай - Бюллетень – сайлау парағы
Дубликат - Төлқұжат - Бюллетень – денсаулық парағы
Ксерокопия - Хаттама –
Түбіртек –
Сауалнама -
 Сендер мемлекеттік мекемедегі іс - қағаздармен жұмыс жасап көрдіңдер ме?
 Іс – қағаздарды толтыруда қандай қиындықтар туды?
Іс - қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі алғаш рет 1923 жылы 22 қарашада қаралған еді. 1930 жылы Қазақстан автономиялы Кеңес республикасы құрамына қосылған соң да ана тілінде жүргізілді.
Іс - қағаздардың үлгілерін оқушыларға таратып беру арқылы хабарландыру, жарнама, анықтама, хаттама ережелерін шығару.
Оқушылардан күтілетін жауап
Іс – қағаз атауы Мазмұны
Жарнама Нәтижелі жұмыстың басқаларға үлгі болар жақтарын ашып көрсету
Хабарландыру Белгілі бір шараның болатындығын хабарлау, уақыты, орны, болатын шара, ұйымдастырушысы көрсетіледі
Анықтама Белгілі бір фактіні дәлелдейтін іс - қағаз, мекеме басшысы растап қол қояды, мөр басады, анықтама беру журналына тіркеледі, қай ұйымға берілгені туралы мәлімет, жарамдылық мерзімі туралы мәлімет көрсетіледі.
Хаттама Қысқа толық түрде жазылады нөмірленіп отырады, екі бөлімнен тұрады (кіріспе, негізгі), жиналыс барысымен, қабылданған шешімімен таныстырады.
Сабақты дамыту:
Менде мынандай хабарландыру бар:
1. Бүгін, 22 қараша күні, 10 - Б сыныбында Жыл адамын тағайындауға байланысты сайлау өтеді. Сайлауға түгел қатысайық!
Өтетін орны: математика кабинеті
Әр топ өз тобынан кандидат ұсынып, үгіт парағын жасап, тақтаға іледі.
2. Кандидаттармен таныстыру
Сыныптағы жетістігі көп оқушылар туралы мәлімет беру.
• Бұл не деп аталады? (жарнама, үгіт - насихат парағы)
3. Оқушылардың осы сыныпта оқитындығын растау қажет.
 Ол қандай іс - қағаз арқылы жүзеге асады? (анықтама)
4. Сайлауды өткізу
 Сайлау парағы бюллетень деп аталады.
 Бюллетень сөзі тағы қандай жағдайларда қолданылады?
 Бюллетень сөзіне фонетикалық талдау жасау

5. Сайлауды қорытындылау, хаттама жасау
Сабақты бекіту: Сыныптағы Жыл адамын анықтап, арнайы медаль табыстау. Ортаға шақырып, сөз беру.
 Мекемеге қатысты қандай іс - қағаздарды атауға болады?
 Іс - қағаздар стилінің ерекшелігін ата.

Тіркеуге жатады Тіркеуге жатпайды Мөр соғылады Мөр соғылмайды Мазмұны әр түрлі Нақты ақпарат
Жарнама
Хабарландыру
Анықтама
Хаттама
Сабақты қорыту: Бұл іс – қағаздарды кім жүргізеді? (кәсіби бағдар беру).
(кезінде Президент хатшысы болған
Марат Тәжин - Шалқар өңірінен шыққан,
біздің жерлесіміз)
Үйге: Мектептің жарқын істеріне жарнама жаса
 Бір - біріңе мектепте атқаратын істерің жайлы анықтама беріңдер
Бағалау: Өз бағасы, досының бағасы, мұғалім бағасы, қорытынды
Құрал - жабдық, дереккөздер

Компьютер, экран, слайдтар, таратпалар, ақ парақшалар, маркерлер.
Ғаламтор мәліметтері.
Ш. Мұртазаның Елім, саған айтам, Елбасы, сен тыңда кітабы
Тапсырмалар, кейінгі оқу
Қандай мамандық иесі болса да, іс - қағаздарын сауатты жүргізуге бейімдеу.
Сабақты талдау

Тәжірибелік сабақты
Бағалау Сабақтың өткізілуі туралы қорытынды ой. Тақырып мазмұны ашылды. Оқушылар жаңа сабақты өз дәрежесінде меңгерді. Тапсырмалар көзделген мақсаттың жүзеге асырылуына көмек бере алады.


Скачать


zharar.kz