Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері

Скачать

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Жалпы мақсат: Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу. Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру.
Сілтеме: Нұсқаулық, Қазақ тілі 9 - сынып оқулығы Арман - ПВ 2013 ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір – бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасалынады.
Негізгі идеялар: Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, тыныс белгілеріне арналған демонстрациялық материал.
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту.
Интерактивті оқыту әдісі.
Оқыту үшін бағалау.
1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны
Дерек көздері: қосымша материалдар, ғаламтор.
Қолданылу аясы: Мәтіндерде, оқулықтарда қолданылады.
Негізгі қызметі: Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.
Қосымша көмекші қызметі: Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.

Білу
Сөйлем ішіне ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар. Оларды сөйлем ішінен қалай айырып алуға болады.

Түсіну
Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.

Қолдану
▪ Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.
▪ Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
▪ Сен, Еменәлі, бір кезде алды - артына қарамайтын сотқар болып едің.
▪ Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады. Қай жерде қандай тыныс белгі қойылған.

Талдау
Сергіту сәті:
Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С. Жиенбаев, Ә. Хасенов, Ф. Мұсабекова, Р. Сыздықова, т. б. ғалымдардың еңбектері шыққан
Синтез Жинақтау Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір. жүктеу


Скачать


zharar.kz