Сиқырлы сөз атты әңгімені оқып талдау

Скачать

Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы

Сауат ашу
МАД тобы
Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Мен әдепті баламын
Мақсаты: Әдеп , Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. Жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Әдепті баланың жақсы, тәртіпті, елгезек, ақкөңіл екенін түсінеді, бәрі әдепті болуға талпынады.
Түйінді идеялар: Әдепті бала - арлы бала
Әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, ОЖТ; ОүБ, ОБжК, ТжДБо
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз...

Түсіну
Амандасу - таныстыру жаттығуы.
Әңгімелеу.
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем, жақын кеп
Сәлем берем ізетпен:
Ассалаумағалейкум! - деп.
- Осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар?

Қолдану
Өзіммен - өзім
- Балалар, сендер қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?
- Әдепті балалар қандай болады?
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Сиқырлы сөз атты әңгімені оқып талдау.
а) Қария Павликке қандай сиқырлы сөздер айтты?
б) Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма?

Талдау Дәйексөз.
Әдепті бала - арлы бала - халық мақалын бүгінгі іс - әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Сергіту сәті Не деу керек?
Дәптермен жұмыс: Суреттерге қарап, балалардың әдептілігі туралы әңгімелеп беріңдер.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz