Тақырыбы: Озық ойлы тапқырлар
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекіліктер:
Сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, мультимедиялық проектор
Түрі: Топтық сайыс
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (тақтада тапсырма беріледі)
4. Білім арқан сайысы ( әр топқа алгебра және геометрия пәндерінен бір тақырыпта формулаларды құрастыру)
5. Шығармашылық жұмыс ( өлең шумақты өз ойларымен жалғастыру)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
4. Математиканың өз тілі бар – ол формула. (Софья Ковалевская)
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар мен жарысқа қатысушы оқушылар! Бүгінгі Озық ойлы тапқырлар атты 9”А” және 9”Б” сыныптары арасында өткізілгелі отырған математикалық жарысына қош келдіңіздер! Бүгінгі жарыс топтық сайыс түрінде өтеді.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
----------------------------------------
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген. Бүгінгі жарысымыздың 9 А сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан және 9 Б сыныптың алғырларынан құралған топтарға қошемет көрсетіп қояйық.
Бүгінгі жарысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Тапқырлық сайысы Жорға .
2 кезең. Біліктілік сайысы.
3 кезең. Білім арқаны
4 кезең. Шығармашылық кезең.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып математикалық жарысымызды бастаймыз. Жарыстың алғашқы кезеңі Жорға , әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Уақыт шектеулі. 5 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру қажет. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
(слайд 3: екі стереометриялық дене берілген. Әр топ осы екі дене ала отырып ондағы сұрақтарға жауап береді)
Параллелепипед стереометриялық денеде берілген тапсырмалар:
1. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі)
2. Жазықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыш (параллелограмм)
4. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
5. Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед (текше)
6. Геометрияның жазықтықтағы зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. - дің мәні неге тең? (3, 14)